8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе» интеллектуалды викторина

18 ақпан күнi Көкшетау қаласы, Электронды кiтапханада Ұлы Абайдың туған күнiне "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Асыл сөздi iздесең,Абайды оқы,ерiнбе » атты интеллектуалды ойын өткiзiлдi. Айтулы iс-шараға кiтап, өнер сүйер қауым, оқырмандар, студенттер мен мектеп оқушылары және кiтапхана қызметкерлерi қатысты.

"Ұлы Абайдың данышпандығы өз алдына бөлек әңгiме. Ойынның басты ерекшелiгi- қатысушылар гаджеттерiне орнатылған Kahoot ойыны арқылы Абай Құнанбайұлына қатысты 20-30 секунд уақыт аралығында берiлген сұрақтарға жауап беру. Ойында 46 сұрақ қойылды. Сауалдар Абайдың өмiрi мен шығармашылығына арналды.

Сайыс соныңда ойын электронды түрде үздiк қатысушыларды анықтады. Ойын жеңiмпаздары Бодаубай Гүлжанар,Кенжеболатова Сая,Шарипов Асхат диплом және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталынды.

Мақаланың шыққан күні: 20.02.2020

Қаралым саны: 35547

Біз әлеуметтік желідеміз