8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАЗАҚТЫҢ – ҚАНЫШЫ»

 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ даласының ұлы перзенті

Биыл Қазақстанда айтулы күні – ғылым мен өндірістегі орасан зор жетістіктермен есімі астасып жатқан қазақ даласының біртуар перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қаныш Сәтбаев – көрнекті геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геология — минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик, ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Осы атаулы күніне орай Орталық қалалық үлгілі кітапхана қызметкерлері жоғары техникалық колледж студенттерінің қатысуымен «Қазақтың- Қанышы» ақпараттық сағатын өткізді.

Іс-шараның басында кітапханашы балаларды Қ.И. Сәтбаевтың өмірімен, еңбектерімен таныстырды, бейне слайдтармен сүйемелденді. Оқушылар «Қаныш Сәтбаев» бейнероликті тамашалады. Кітапханашы оның сегіз томдық басылымда жарық көрген ғылыми еңбектері қойылған «Қаныш Сәтбаев – жан — жақты ғалым» кітап көрмесіне, қазақ және орыс тілдеріндегі «Қ.И. Сәтбаев» энциклопедиясына, Медеу Сәрсекеевтің Сәтбаев туралы кітаптарына, журналдардағы мен газеттер мақалаларына шолу жасады, сонымен қатар кітапхана қорында бар мәлеметтер. Қорытында қатысушылар Сәтбаев мұражайына онлайн — экскурсия жасады.

 

Мақаланың шыққан күні: 11.04.2024

Қаралым саны: 117

Біз әлеуметтік желідеміз