8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«НАУРЫЗЫМ-ДӘСТҮРЛІ ІЗГІЛІГІМ»

Орталық қалалық үлгілі кітапханада, Көрісу күніне орай «Наурызым-дәстүрлі ізгілігім» атты әдеби-сазды қонақжай өтті. Іс-шараның басында кітапхана қызметкері Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне Наурыз мейрамының тарихы туралы әңгімелеп берді. Сөз кезегін Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиевке беріліп, іс-шараға келген қонақтарды Амал мерекесімен
құттықтады. «Гүлдер-ай» ансамблінің мүшелері «Ана» әнін орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Бекишева Зейни Сарықызы қазақтың салт-
дәстүрлерімен таныстырды: бесікке бөлеу, адыраспанмен аластады. Оқушылар арасында қол күрес ойыны, сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, мақал-мәтелдер бойынша білімдері де тексерілді. Шараға мерекенің тарихынан сыр шертетін кітаптар, ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар қойылған көрмемен таныстырылды.
 

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2025

Қаралым саны: 248

Біз әлеуметтік желідеміз