8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫН ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ, ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ АУДИО КІТАП НҰСҚАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ»

26 тамыз Ата заң күні қарсаңында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы ҚР Конституциялық сот судьясы Айжан Ержанқызы Жатқанбаеваның қатысуымен Брайль қарпімен алғаш рет жарияланған Қазақстан Республикасының Конституциясын қазақ және орыс тілдерінде,   ҚР Конституциясының аудио кітап нұсқасының тұсаукесері болды.

Шара ең алдымен Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында ҚР Конституциялық сот судьясы Айжан Ержанқызының Көкшетаулық оқырмандармен кездесуімен басталды. Іс шараға: қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, Көкшетау қаласының   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы Оразбаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Батырхан Газизұлы Ахметов, «Ақмола облыстық билер алқасының» төрағасы Дахан Шөкшір, ақын, журналист, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев,   баспасөз өкілдері, «Көкше» телеарнасы, «Көкшетау» газеті, «Акмолинская правда», «Степной маяк» газеттерінің тілшілері, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қаттысты.

ҚР Конституциялық сотының судьясы Айжан Ержанқызы Жатқанбаева «О верховенстве Конституции и роли конституционного контроля» деген тақырыпта лекция оқып, сот жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап берді. Оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды.

Одан кейін Қанай би көшесінде орналасқан Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасына барып, сол кітапхана оқырмандарына аталмыш кітапты табыс етті. Сот судьясы Айжан Ержанқызы Конституцияны Брайль шрифтімен ұсыну арқылы көру қабілеті бұзылған адамдардың құқықтарын қорғауға және іске асыруға, олардың маңызды заңдық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып, жаңа кітаппен таныстырады.  Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжінің

3 курс студенті, зағип оқырман Вероника Давыдова Конституция кітабын ең алғашқылардың бірі болып Брайль әріпінде көпшілікке үзінді оқып, таныстырды.

Шара соңында қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Батырхан Ахметов көпшілікті Ата заң мерекесімен құттықтап, іс-сапармен арнайы келген Айжан Ержанқызына оқырмандар атынан алғыстарын білдірді.

  

Мақаланың шыққан күні: 03.09.2024

Қаралым саны: 606

Біз әлеуметтік желідеміз