8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«АБАЙ ҰЛАҒАТЫ»

6 тамыз күні Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай ұлағаты» атты залы ашылды. Шараның мақсаты - Ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты Абайдың өсиетімен тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға баулу.Бұл зал – Абайдың бай мұрасын болашақ ұрпаққа танытуға, дәріптеуге, зерделеуге арналған тың бастама.

«Абай ұлағаты» атты залының ашылу рәсімінде Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар, кітапхана оқырмандары мен қала жастары қатысты. Шарада Абай мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани азық екенін атап өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы Уразбаева мен Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев қонақтарға ізгі тілектерін білдіріп, шараның мән-маңызына тоқталды. «Ұлы Абай ізімен...» атты мазмұнды баяндама жасаған филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы профессор Сәбит Жәмбек ақын шығармашылығының терең философиялық астарына тоқталып, Абай мұрасының өзектілігін ашып көрсетті. Қазақ қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі Жанар Айтқужина қонақтарға залды таныстырып, ондағы материалдар мен мазмұнды көрмелер туралы баяндады.Шара барысында Краснояр қалалық кітапханасының меңгерушісі Гүлжанар Нұрланқызы Бодаубай «Абайды балама таныстыру» атты жүрекжарды өлеңін ортаға салса, «Ұзақ өмір сүру» орталығының белсенді өкілі, жырсүйер оқырман Тоғайбаева Шәмшия Қажығалиқызы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқып берді. Ал дәстүрлі әнші, өлкетанушы Сәрсенбай Хасенов Абайдың «Сегіз аяқ» әнін нақышына келтіре орындаса, Қалалық «Достар» МС жанындағы «Шаңырақ» тобы ұлы ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас» және «Қараңғы түнде тау қалғып» атты туындыларын көрермен жүрегіне жеткізе орындап, ерекше әсер сыйлады. Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар «Абай ұлағаты» залының алдағы уақытта жастарға рухани бағыт-бағдар беретін білім мен тәрбие ордасына айналатынына сенім білдіріп, ізгі тілектерін арнады.

 

Мақаланың шыққан күні: 06.08.2025

Қаралым саны: 974

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru