8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

12 сәуір 2017 Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

КIРIСПЕ

Елiмiз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшiншi жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, бiз қайта түлеудiң айрықша маңыз¬ды екi процесi — саяси реформа мен эко¬номи¬калық жаңғыруды қолға алдық.

Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол — әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу.

Аталған екi жаңғыру процесiнiң де нақты мақ¬сат-мiндеттерi, басымдықтары мен оған жет¬кiзетiн жолдары бар. Мен көздеген жұмыс¬тары¬мыздың бәрi дер уақытында және барынша тиiмдi жүзеге асарына сенiмдiмiн. Бiрақ, ойлағанымыз орындалу үшiн мұның өзi жеткiлiксiз.

Мақсатқа жету үшiн бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып оты¬руы тиiс. Бұл саяси және экономикалық жаң¬ғыру¬ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегiне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгiн басталатын жұмыс емес.

Бiз Тәуелсiздiк кезеңiнде бұл бағытта бiрнеше ауқымды iс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткiштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық — тарих толқынында» бағ¬дарламасы арқылы әлемнiң ең белдi архивтерiнен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелi түрде жинап, зерттедiк.

Ендi осының бәрiнен де ауқымды және iргелi жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен елiмiз мықты, әрi жауапкершiлiгi жоғары Бiртұтас Ұлт болу үшiн болашаққа қа-лай қадам басатынымыз және бұқаралық санବны қалай өзгертетiнiмiз туралы көзқарас¬тарым¬ды ортаға салуды жөн көрдiм.

I. ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллi жер жүзi бiздiң көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлi бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгерiп жатқан дүбiрлi дүниеде сана-сезiмiмiз бен дүниетанымымызға әбден сiңiп қалған таптаурын қағидалардан арыл¬масақ, көш басындағы елдермен тереземiздi теңеп, иық түйiстiру мүмкiн емес. Өзгеру үшiн өзiмiздi мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуiрдiң жағымды жақтарын бойға сiңiруiмiз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгiсiнiң бүгiнгi заманның болмысына сай келмеуiнiң сыры неде? Менiңше, басты кемшiлiгi — олардың өздерiне ғана тән қалыбы мен тәжiрибесiн басқа халықтар мен өркениеттердiң ерекшелiктерiн ескермей, бәрiне жаппай ерiксiз таңуында. Әжептәуiр жаңғырған қоғамның өзiнiң тамыры тарихының тереңiнен бас¬тау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодыңды сақтай бiлу. Онсыз жаңғыру дегенiңiздiң құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бiрақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрiн, яғни болашаққа сенiмдi нығайтып, алға бастайтын қасиеттердi де, кежегесi керi тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттердi де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжiрибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиiс. Керiсiнше, замана сынынан сүрiнбей өткен озық дәстүрлердi табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра бiлу қажет. Егер жаңғыру елдiң ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бiрге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлi полюстерiн қиыннан қиыс-ты¬рып, жарастыра алатын құдiретiмен маңызды.

Бұл — тарлан тарихтың, жасампаз бүгiнгi күн мен жарқын болашақтың көкжиектерiн үйле¬сiмдi сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр¬намасы.

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзiлмеген ұлттық салт-дәстүрлерiн алдағы өркендеудiң берiк дiңi ете оты¬рып, әрбiр қадамын нық басуын, болашаққа сенiм¬мен бет алуын қалаймын.

Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбiр қа¬зақ¬стан¬дықтың санасын жаңғыртудың бiр-неше бағы¬тын атап өтер едiм.

1. Бәсекелiк қабiлет

Қазiргi таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық¬тың өзi бәсекелiк қабiлетiн арттырса ғана та¬быс¬қа жетуге мүмкiндiк алады.

Бәсекелiк қабiлет дегенiмiз — ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнiнен өзгелерден ұтымды дүние ұсы¬на алуы. Бұл материалдық өнiм ғана емес, соны¬мен бiрге, бiлiм, қызмет, зияткерлiк өнiм немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкiн.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелiк қа¬бi¬летiмен айқындалады. Сондықтан, әрбiр қазақ¬стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком-пьютерлiк сауаттылық, шет тiлдерiн бiлу, мә¬дени ашықтық сияқты факторлар әркiмнiң алға басуына сөзсiз қажеттi алғышарттардың сана¬тында.

Сол себептi, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тiлде бiлiм беру», «Мәдени және конфессияаралық келiсiм» сияқты бағдарламалар — ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

2. Прагматизм

Қанымызға сiңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт¬пейiнше, бiздiң толыққанды жаңғы¬руымыз мүмкiн емес.

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмiр салтына бiр сәт үңiлiп көрсек, шынайы прагматизмнiң талай жарқын үлгiлерiн табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердiң табиғатын көздiң қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемдi, әрi орынды жұмсайтын теңдесi жоқ экологиялық өмiр салтын ұстанып келдi.

Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрi бiрнеше жыл iшiнде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан берi ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгерiп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесiрiнен, Жер-Ана жаратылғаннан берi шөбiнiң басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кеттi. Түгiн тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлерiмiз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңiзi аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.

Осының бәрi — жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.

Бiз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сiңген, бүгiнде тамырымызда бүлкiлдеп жатқан iзгi қасиеттердi қайта түлетуiмiз керек.

Прагматизм — өзiңнiң ұлттық және жеке байлығыңды нақты бiлу, оны үнемдi пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдiкке жол бермеу деген сөз. Қазiргi қоғамда шынайы мәдениеттiң белгiсi — орынсыз сән-салтанат емес. Керiсiнше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшiлдiк пен орынды пайдалану көргендiлiктi көрсетедi.

Нақты мақсатқа жетуге, бiлiм алуға, саламатты өмiр салтын ұстануға, кәсiби тұрғыдан жетiлуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсенi ұтымды пайдалану — мiнез-құлықтың прагматизмi деген осы.

Бұл — заманауи әлемдегi бiрден-бiр табысты үлгi. Ұлт немесе жеке адам нақты бiр межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең iске аспақ түгiлi, елдi құрдымға бастайтын популистiк идеологиялар пайда болады.

Өкiнiшке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбiне кеткенi туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео¬логиясы — коммунизм, фашизм және либерализм бiздiң көз алдымызда күйредi.

Бүгiнде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кеттi. Ендi айқын, түсiнiктi және болашаққа жiтi көз тiккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуiн көздейтiн осындай бағдарлар ғана дамудың көгiне темiрқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдiң мүмкiндiктерi мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиiс.

Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бiрегейлiктi сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзi ұлттық сананың кемелденуiн бiлдiредi.

Оның екi қыры бар.

Бiрiншiден, ұлттық сана-сезiмнiң көкжиегiн кеңейту.

Екiншiден, ұлттық болмыстың өзегiн сақтай отырып, оның бiрқатар сипаттарын өзгерту.

Қазiр салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгiле¬рi¬нiң қандай қатерi болуы мүмкiн?

Қатер жаңғыруды әркiмнiң ұлттық даму үлгi¬сiн бәрiне ортақ, әмбебап үлгiге алмастыру ре¬тiнде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмiрдiң өзi бұл пайымның түбiрiмен қате екенiн көрсетiп бердi. Iс жүзiнде әрбiр өңiр мен әрбiр мемлекет өзiнiң дербес даму үлгiсiн қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен музыкамыз, әдебиетiмiз, жоралғыларымыз, бiр сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгi қалуға тиiс.

Абайдың даналығы, Әуезовтiң ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лерi, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнi — бұлар бiздiң рухани мәдениетiмiздiң бiр парасы ғана.

Сонымен бiрге, жаңғыру ұғымының өзi мей¬лiн¬ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбiр дағдылар мен әдеттерден арылу дегендi бiлдiредi.

Мысалы, жершiлдiктi алайық. Әрине, туған жердiң тарихын бiлген және оны мақтан еткен дұрыс. Бiрақ, одан да маңыздырақ мәселенi — өзiңнiң бiртұтас ұлы ұлттың перзентi екенiңдi ұмытуға әсте болмайды.

Бiз әркiм жеке басының қандай да бiр iске қос¬қан үлесi мен кәсiби бiлiктiлiгiне қарап баға¬ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейдi.

Осының бәрiн егжей-тегжейлi айтып отыр¬ғандағы мақсатым — бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ¬стан¬дық¬¬тардың ешқашан бұлжымайтын екi ереженi түсiнiп, байыбына барғанын қалаймын.

Бiрiншiсi — ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екiншiсi — алға басу үшiн ұлттың дамуына кедергi болатын өткеннiң кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Бiлiмнiң салтанат құруы

Бiлiмдi, көзi ашық, көкiрегi ояу болуға ұмтылу — бiздiң қанымызда бар қасиет.

Тәуелсiздiк жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Бiз он мыңдаған жасты әлемнiң маң¬дайалды университеттерiнде оқытып, дайын¬дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл¬дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар-ламасынан басталды. Елiмiзде өте жоғары деңгей¬дегi бiрқатар университеттер ашылды, зият¬керлiк мектептер жүйесi қалыптасты. Басқа да көптеген iс тындырылды.

Дегенмен, бiлiмнiң салтанаты жалпыға ор¬тақ болуға тиiс. Оның айқын да, бұлтартпас себеשּׁтерi бар. Технологиялық революцияның беталы¬¬сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт¬та қазiр¬гi кәсiптердiң жартысы жойылып кетедi.

Экономиканың кәсiптiк сипаты бұрын-соңды ешбiр дәуiрде мұншама жедел өзгермеген.

Бiз бүгiнгi жаңа атаулы ертең-ақ ескiге айналатын, жүрiсi жылдам дәуiрге аяқ бастық. Бұл жағ¬дайда кәсiбiн неғұрлым қиналмай, жеңiл өзгер¬туге қабiлеттi, аса бiлiмдар адамдар ғана табысқа жетедi.

Осыны бек түсiнгендiктен, бiз бiлiмге бөлi¬нетiн бюджет шығыстарының үлесi жөнiнен әлем¬дегi ең алдыңғы қатарлы елдердiң санаты¬на қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең iргелi, басты факторы бiлiм екенiн әркiм терең түсiнуi керек. Жас¬тары¬мыз басымдық беретiн межелердiң қатар¬ында бiлiм әрдайым бiрiншi орында тұруы шарт. Себебi, құндылықтар жүйесiнде бiлiмдi бәрiнен биiк қоятын ұлт қана табысқа жетедi.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау¬ма¬ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын¬дағы оқиғаға 100 жыл толады.

Күллi ХХ ғасыр революциялық сiлкi¬нiс¬терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт¬¬¬тар¬ға мейлiнше әсер етiп, бүкiл болмысын өзгерт¬тi.

Әрбiр жұрт тарихтан өзiнше тағылым алады, бұл — әркiмнiң өз еркiндегi шаруа.

Бiреуге өзiңнiң көзқарасыңды ерiксiз таңуға ешқашан болмайды. Бiзге тарих туралы өздерiнiң субъективтi пайымдарын тықпалауға да еш¬кiм¬нiң қақысы жоқ.

Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшiн қасiретке то¬лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.

Бiрiншiден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзiмiзге ғана тән жолы бiржола күйретiлiп, қоғамдық құрылымның бiзге жат үлгiсi ерiксiз таңылды.

Екiншiден, ұлтымызға адам айтқысыз демо¬графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бiр ғасырдан берi әлi жазылмай келедi.

Үшiншiден, қазақтың тiлi мен мәдениетi құр¬дымға кете жаздады.

Төртiншiден, елiмiздiң көптеген өңiрлерi эко¬ло¬гиялық апат аймақтарына айналды.

Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.

ХХ ғасыр Қазақстанға бiрқатар игiлiктерiн де бердi.

Индустрияландыруды, әлеуметтiк және өндi¬рiстiк инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин¬теллигенцияның қалыптасуын осыған жат¬қызуға болады.

Бұл кезеңде елiмiзде белгiлi бiр жаңғыру болды. Бiрақ, бұл — ұлттың емес, аумақтың жаң¬ғы¬руы едi.

Бiз тарихтың сабағын айқын түсiнуiмiз керек. Революциялар дәуiрi әлi бiткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлi өзгердi.

Бiздiң кешегi тарихымыз бұлтартпас бiр ақи¬қатқа — эволюциялық даму ғана ұлттың өр¬кен¬деуiне мүмкiндiк беретiнiне көзiмiздi жеткiздi.

Бұдан сабақ ала бiлмесек, тағы да тарихтың темiр қақпанына түсемiз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбiр қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиiс.

Бiрақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретiнде мәңгi тұмшаланудың синонимi емес.

Сол себептi, тарихтың ащы сабағын түсiнiп қана қоймай, өзiмiз күнде көрiп жүрген қазiргi құбылыстардан ой түйiп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай бiлу де айрықша маңызды.

Бүгiнде революциялар өңiн өзгертiп, ұлттық, дiни, мәдени, сепаратистiк перде жамылды. Бiрақ, бәрi де, түптеп келгенде, қантөгiспен, эко¬номикалық күйреумен аяқталатынын көрiп отырмыз.

Сондықтан, әлемдегi оқиғаларды ой елегiнен өткiзiп, қорытынды жасау — қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, бiлiм беру жүйе¬сiнiң де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ¬мысының бiр бөлiгi.

6. Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнiң қарқынды өзгерiп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезiмнiң «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.

Бiр қарағанда, жер жүзiндегi миллиардтан астам адам өзiнiң туған тiлiмен қатар, кәсiби байланыс құралы ретiнде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тiлiн бiздiң де жаппай және жедел үйренуiмiз керектiгi еш дәлелдеудi қажет етпей¬тiндей.

Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тiлдерi — немiс, француз, испан, итальян немесе басқа да тiлдердi сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тiлiн ерiккеннен үйренiп жатыр ма?

Бұл — бәзбiреулердiң әншейiн қалауы емес, жа¬һандық әлемге еркiн кiрiгiп, жұмыс iстеудiң бас¬ты шарты.

Бiрақ, мәселе бұған да тiрелiп тұрған жоқ. Са¬наның ашықтығы зерденiң үш ерекшелiгiн бiл¬дiредi.

Бiрiншiден, ол дүйiм дүниеде, Жер шарының өзiңе қатысты аумағында және өз елiңнiң айналасында не болып жатқанын түсiнуге мүмкiндiк бередi.

Екiншiден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетiн өзгерiстердiң бәрiне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда бiздiң өмiр салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсiлдерi, қысқасы, барлығы түбегейлi өзгередi. Бiз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшiншiден, бұл — өзгелердiң тәжiрибесiн алып, ең озық жетiстiктерiн бойға сiңiру мүмкiндiгi. Азиядағы екi ұлы держава — Жапония мен Қы¬тай¬дың бүгiнгi келбетi — осы мүмкiндiктердi тиiмдi пай¬даланудың нағыз үлгiсi.

«Өзiмдiкi ғана таңсық, өзгенiкi — қаңсық» деп керi тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетiстiктерiн қабылдай бiлу, бұл — та¬быстың кiлтi, әрi ашық зерденiң басты көрсет¬кiш¬терiнiң бiрi.

Егер қазақстандықтар жер жүзiне үйден шық¬пай, терезеден телмiрiп отырып баға беретiн болса, әлемде, құрлықта, тiптi iргедегi елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектiң арғы жағында не болып жатқанын да бiле алмайды. Тiптi, бiрқатар ұстанымдарымызды түбегейлi қайта қарауға мәжбүрлейтiн сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсiне де алмай қалады.

II. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МIНДЕТТЕР

Қоғамдық сана жаңғырудың негiзгi қағи¬да¬ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бiрге, бiздiң заман сынағына лайықты төтеп беруiмiзге қажеттi нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етедi.

Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бiрнеше жобаны ұсынамын.

Бiрiншiден, қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру жұмыстарын бастауымыз керек. Бiз бұл мәселеге неғұрлым дәйектiлiк қажеттiгiн терең түсiнiп, байыппен қарап келемiз және оған кiрiсуге Тәуелсiздiк алғаннан берi мұқият дайындалдық.

Қазақ тiлiнiң әлiпбиi тым тереңнен тамыр тартатынын бiлесiздер.

VI-VII ғасырлар — ерте орта ғасыр кезеңi. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркiлердiң руникалық жазуы пайда болып, қол¬данылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әлiпбилердiң бiрi ретiнде белгiлi.

V-XV ғасырларда түркi тiлi Еуразия құрлы¬ғының аса ауқымды бөлiгiнде ұлтаралық қатынас тiлi болды.

Мәселен, Алтын Орданың бүкiл ресми құ¬жат¬тары мен халықаралық хат-хабарлары негiзiнен ортағасырлық түркi тiлiнде жазылып келдi.

Халқымыз Ислам дiнiн қабылдаған соң руни¬калық жазулар бiртiндеп ысырылып, араб тiлi мен араб әлiпбиi тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейiн, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әлiпбиi қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитетi мен КСРО Халық Ко¬мис-сар¬лары Кеңесiнiң Президиумы латындан¬дырылған жаңа әлiпби — «Бiртұтас түркi ал¬фавитiн» енгiзу туралы қаулы қабылдады.

Латын әлiпбиiнiң негiзiнде жасалған жазу үлгiсi 1929 жылдан 1940 жылға дейiн қолданылып, кейiн кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әлiпбиден орыс графикасы негiзiндегi жаңа әлiпбиге көшiру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тiлiнiң әлiпбиiн өзгерту тарихы негiзiнен нақты саяси себептермен айқын¬далып келдi.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әлiпбиiне көшуге кiрiсуiмiз керектiгiн» мәлiмдедiм.

Бұл — сол кезден барлық салаларда бiз латын қар¬пiне көшудi бастаймыз деген сөз.

Яғни, 2025 жылға қарай iс қағаздарын, мерзiмдi баспасөздi, оқулықтарды, бәрiн де латын әлiп¬биiмен басып шығара бастауға тиiспiз.

Ол кезең де таяп қалды, сондықтан бiз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Бiз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа¬жеттi дайындық жұмыстарына қазiрден кiрi¬семiз. Үкiмет қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшi¬ру¬дiң нақты кестесiн жасауы керек.

Латыншаға көшудiң терең логикасы бар. Бұл қазiргi заманғы технологиялық орта-ның, ком¬муникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасыр¬дағы ғылы¬ми және бiлiм беру процесiнiң ерекше¬лiк¬терiне байланысты.

Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тiлiн оқып, латын әрiптерiн онсыз да үйренiп жатыр. Сондықтан, жас буын үшiн ешқандай қиындық, кедергiлер болмақ емес.

2017 жылдың аяғына дейiн ғалымдардың көмегiмен, барша қоғам өкiлдерiмен ақылдаса отырып, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кiрiсуiмiз қажет.

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдiстемелiк жұмыстар жүргiзiлуге тиiс.

Әрине, жаңа әлiпбиге бейiмделу кезеңiнде бел¬гiлi бiр уақыт кириллица алфавитi де қол¬даныла тұрады.

Екiншiден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.

Оның мәнi мынада:

1. Бiз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды бiлiм беруге қажеттi барлық жағдайды жасауға тиiспiз. Гуманитарлық зиялы қауым өкiлдерi елiмiздiң жоғары оқу орындарындағы гума¬нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтiру арқылы мемлекеттiң қолдауына ие болады. Бiзге инженерлер мен дәрiгерлер ғана емес, қазiргi заманды және болашақты терең түсiне алатын бiлiмдi адамдар да ауадай қажет.

2. Бiз алдағы бiрнеше жылда гуманитарлық бiлiмнiң барлық бағыттары бойынша әлемдегi ең жақсы 100 оқулықты әртүрлi тiлдерден қазақ тiлiне аударып, жастарға дүние жүзiндегi таң¬даулы үлгiлердiң негiзiнде бiлiм алуға мүмкiндiк жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзiнде студенттердi осы оқулықтармен оқыта бастауға тиiспiз.

3. Ол үшiн қазiргi аудармамен айналысатын құрылымдар негiзiнде мемлекеттiк емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкiметтiң тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиiстi жұмыстарға кiрiсе бергенi жөн.

Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткiземiз?

Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде бiлiм бере бастаймыз.

Бұл — бiлiм саласындағы жаһандық бәсекеге не¬ғұрлым бейiмделген мамандарды даярлау деген сөз.

Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелiк қабiлет сияқты сананы жаңғыртудың негiзгi қағидаларын қо¬ғам¬да ор¬нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негiзi бiлiм орда¬ларының аудиторияларында қаланады.

Бiздiң әлеуметтiк және гуманитарлық бiлiмiмiз ұзақ жылдар бойы бiр ғана iлiмнiң аясында шектелiп, дүниеге бiр ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнiң үздiк 100 оқулығының қазақ тiлiнде шығуы 5-6 жылдан кейiн-ақ жемiсiн бере бастайды. Сол себептi, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгiлердi алып, олардың қазақ тiлiндегi аудармасын жасауымыз керек.

Бұл — мемлекеттiң мiндетi.

Үкiмет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдiстемелiк бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгiлеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешендi түрде шешуi керек.

Үшiншiден, Қазақ «Туған жерге туыңды тiк» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады.

Сол себептi, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы iзiнше оп-оңай кеңейiп, «Туған елге» ұласады.

Мәселен, «Ауылым — әнiм» атты әндi айтқанда, «Туған жерiн сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елiн» деп шырқайтын едiк қой. Бажайлап қарасақ, бұл — мағынасы өте терең сөздер.

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы — шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер — әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi. Оны қайда жүрсе де жүрегiнiң түбiнде әлдилеп өтпейтiн жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәс¬түрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу — шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi.

Бұл кез келген халықты әншейiн бiрiге салған қауым емес, шын мәнiндегi ұлт ететiн мәдени- генетикалық кодының негiзi.

Бiздiң бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгiрген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бiздi қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннiң қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас еттi.

Туған жерге деген сүйiспеншiлiк ненi бiл¬дiредi, жалпы, бағдарламаның мәнi неде?

Бiрiншi, бұл бiлiм беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргiзудi, экологияны жақсартуға және елдi мекендердi абаттандыруға баса мән берудi, жергiлiктi деңгейдегi тарихи ескерткiштер мен мәдени нысандарды қалпына келтiрудi көздейдi.

Патриотизмнiң ең жақсы үлгiсi орта мектепте туған жердiң тарихын оқудан көрiнiс тапса игi.

Туған жердiң әрбiр сайы мен қырқасы, тауы мен өзенi тарихтан сыр шертедi. Әрбiр жер атауының төркiнi туралы талай-талай аңыздар мен әңгiмелер бар. Әрбiр өлкенiң халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есiмдерi ел есiнде сақталған бiртуар перзенттерi бар. Осының бәрiн жас ұрпақ бiлiп өсуге тиiс.

Екiншi, басқа аймақтарға көшiп кетсе де туған жерлерiн ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсiпкерлердi, шенеунiктердi, зиялы қауым өкiлдерi мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және шынайы патриоттық сезiм, ол әркiмде болуы мүмкiн. Оған тыйым салмай, керiсiнше, ынталандыру керек.

Үшiншi, жергiлiктi билiк «Туған жер» бағ¬дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелi-лiкпен қолға алуға тиiс.

Бұл жұмысты өз бетiмен жiберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсiндiру қажет.

Туған жерiне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудiң түрлi жолдарын табу керек.

Бұл жерде де көп жұмыс бар.

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептердi компьютерлендiруге, жергiлiктi жо¬ғары оқу орындарына демеушiлiк жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнiң нағыз өзегiне айналады.

Туған жерге деген сүйiспеншiлiк Туған елге — Қазақстанға деген патриоттық сезiмге ұласады.

Төртiншiден, жергiлiктi нысандар мен елдi мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ¬дар¬ламасынан бөлек, бiз халықтың санасына одан да маңыздырақ — жалпыұлттық қасиеттi орындар ұғымын сiңiруiмiз керек.

Ол үшiн «Қазақстаның қасиеттi рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» жобасы керек.

Әрбiр халықтың, әрбiр өркениеттiң баршаға ортақ қасиеттi жерлерi болады, оны сол халықтың әрбiр азаматы бiледi.

Бұл — рухани дәстүрдiң басты негiздерiнiң бiрi.

Бiз — ұлан-ғайыр жерi мен аса бай рухани тарихы бар елмiз. Ұлы Даланың көз жеткiзгiсiз кең-байтақ аумағы тарихта түрлi рөл атқарған. Бiрақ, осынау рухани географиялық белдеудi мекен еткен халықтың тонның iшкi бауындай байланысы ешқашан үзiлмеген.

Бiз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлi жерлерiмiздiң бiртұтас желiсiн бұрын-соңды жасаған емеспiз.

Мәселе елiмiздегi ескерткiштердi, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтiруде тұрған жоқ.

Идеяның түпкi төркiнi Ұлытау төрiндегi жәдiгерлер кешенiн, Қожа Ахмет Ясауи мав¬золейiн, Тараздың ежелгi ескерткiштерiн, Бекет ата кесенесiн, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетi¬судың киелi мекендерiн және басқа да жерлер¬дi өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында бiртұтас кешен ретiнде орнықтыруды меңзейдi.

Мұның бәрi тұтаса келгенде халқымыздың ұлт¬тық бiрегейлiгiнiң мызғымас негiзiн құрай¬ды.

Бiз жат идеологиялардың әсерi туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгiлi бiр құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.

Тиiсiнше, оларға өзiмiздiң ұлттық құн¬ды¬лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Қазақстанның қасиеттi жерлерiнiң мәдени-географиялық белдеуi — неше ғасыр өтсе де бiздi кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрi ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.

Ол — ұлттық бiрегейлiк негiздерiнiң басты элементтерiнiң бiрi. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда бiз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиiспiз.

Биыл Үкiмет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзiрлеуi керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

1. Аталған «Мәдени-географиялық бел¬деу¬дiң» рөлi мен оған енетiн орындар туралы әрбiр қазақстандық бiлуi үшiн оқу-ағарту дайындығын жүргiзу қажет.

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелi түрде, мықтап айналысуы керек.

3. Iшкi және сыртқы мәдени туризм халқы¬мыздың осы қастерлi мұраларына сүйенуге тиiс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан бiздiң Түр¬¬кiстан немесе Алтай — ұлттық немесе құр¬лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн¬дылықтар.

Бесiншiден, заманауи әлемдегi бәсекелiк қабiлет — мәдениеттiң де бәсекелiк қабiлетi деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезiн¬дегi табысының қомақты бөлiгi Голливудтың еншi¬сiнде.

Бiз ХХI ғасырдың жаһандық картасында ешкiмге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын iске асыруға тиiспiз.

Әлем бiздi қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы iрi бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетiстiктерiмiзбен де тануы керек.

Бұл жоба ненi көздейдi?

Бiрiншi, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тiлi — ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тiлдерiнде сөйлеуi үшiн мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екiншi, ол бүгiнгi қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиiс.

Үшiншi, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсiлдерiн ойластыру керек.

Мәдени өнiмдерiмiз тек кiтап түрiнде емес, әртүрлi мультимедиалық тәсiлдермен де шыққаны абзал.

Төртiншi, бұған ауқымды мемлекеттiк қол¬дау жасалуы қажет. Сыртқы iстер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр¬лiктерi жүйелi түрде, қоян-қолтық жұмыс iстеуi керек.

Бесiншi, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның iшiнде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиiс.

Бiз заманауи мәдениетiмiздiң қандай өкiл¬дерi әлемдiк аренаға жол тартуы керектiгiн анық¬тап алуымыз керек.

Ұлттық мәдениетiмiздiң озық үлгiлерiн iрiк¬теп алғаннан кейiн шетелдерде оларды таныс¬тыру рәсiмдерiн өткiземiз.

2017 жыл жер жүзiне мәдениет саласындағы қай жетiстiктерiмiздi көрсете алатынымызды ай¬қындап алу тұрғысынан шешушi жыл болмақ. Содан соң бiрегей бағдарламаны 5-7 жылда тың¬ғылықты жүзеге асырамыз.

Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетiмiз тұңғыш рет әлемнiң барлық құр¬лық¬тарына жол тартып, басты тiлдерiнде сөйлейтiн болады.

Алтыншыдан, ұлт мақтанышы бiздiң бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билерiмiз бен жырауларымыз ғана болмауға тиiс.

Мен бүгiнгi замандастарымыздың жетiс¬тiк¬терiнiң тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасы арқылы iске асырған жөн.

Елiмiздiң Тәуелсiздiк жылнамасы жазыла бастағанына небәрi 25 жыл болды. Бұл — тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, елiмiз үшiн ғасырға бергiсiз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбiр күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар iстi атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздерi мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактiлер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнiнде, Қазақстанның әрбiр жетiстiгiнiң артында алуан түрлi тағдырлар тұр.

«Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасы — Тәуелсiздiк жылдарында табысқа жеткен, елiмiздiң әр өңiрiнде тұратын түрлi жастағы, сан алуан этнос өкiлдерiнiң тарихы.

Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмiрбаяндары арқылы бүгiнгi, заманауи Қазақстанның келбетi көрiнiс табады.

Бiз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз¬дiң байыбына бара бермеймiз. Шын мәнiнде, Тәуел¬сiздiк дәуiрiнде өзiнiң еңбегiмен, бiлiмiмен, өнерi¬мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүрiп өткен жолдары — кез келген статистикадан артық көрсеткiш.

Сондықтан, оларды телевизиялық деректi туындылардың кейiпкерiне айналдыруымыз керек. Жастар өмiрге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздерi иелiк ете алатын азаматтар болуы үшiн оларға үлгi ұсынуымыз керек.

Қазiргi медиамәдениеттi суырыла сөйлейтiн «шешендер» емес, өмiрдiң өзiнен алынған шы¬найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи¬ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал¬дарының басты нысанасына айналуға тиiс.

Бұл жоба үш мәселенi шешуге бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за¬манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам¬дар¬ды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету¬¬дiң жаңа мультимедиалық алаңын қалып¬тас¬тыру.

3. «100 жаңа есiм» жобасының өңiрлiк нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетiн тұлғаларды бiлуге тиiс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемi дамып отыратын тiрi ағза iспеттi. Ол өмiр сүру үшiн заман ағымына саналы түрде бейiмделуге қабiлеттi болуы керек.

Жаңа жаһандық үрдiстер ешкiмнен сұрамай, есiк қақпастан бiрден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру мiндетi барлық мемлекеттердiң алдында тұр.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкiмдi күтiп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзi сияқты жал¬ғаса беретiн процесс.

Екi дәуiр түйiскен өлiара шақта Қазақстанға түбегейлi жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудiң теңдессiз тарихи мүмкiндiгi берiлiп отыр.

Мен барша қазақстандықтар, әсiресе, жас ұрпақ жаңғыру жөнiндегi осынау ұсыныстардың маңы¬зын терең түсiнедi деп сенемiн.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген iшкi ұмтылыс — бiздiң дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмiр сүру үшiн өзгере бiлу керек. Оған көнбегендер тарих¬тың шаңына көмiлiп қала бередi.

Мақаланың шыққан күні: 11.06.2018 16:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.06.2018 16:42

Біз әлеуметтік желідеміз