8(7162)50-31-21

КГУ «Городская информационно-библиотечная система»
отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Кокшетау

Добро пожаловать на сайт
Городской информационно-библиотечной
системы!

Лишь знанием жив человек,
Лишь знанием движется век!
Не говори: «Не могу»
Стремись к познанию душой
Абай Кунанбаев

QR-ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА КОКШЕТАУ

«АДАЛДЫҚ – ӨМІР НЕГІЗІ»

Жастардың бойына адалдық, әділдік, еңбекқорлық құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Адалдық – өмір негізі» тақыбырында ашық мінбер өткізді.

Шараға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы Самира Өмірбайқызы Тайтенова және Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Самира Тайтенова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптары аясында қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Кітапханашылар жастарға «Адал азамат» және «Әділетті Қазақстан» ұғымдарының мән — маңызы туралы айтты. Адал еңбек қана адамды бақытты болашаққа жетелейтінін ұғындырды.

Ашық мінберден сөз алған жастар сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз пікірлерін ортаға салып, «Адалдық» ұғымы туралы өз ұстанымдарын білдірді.

 

Дата создания статьи: 22.05.2024

Количество просмотров: 1403

Мы в социальных сетях