8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

16 қазан күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының мәдениет үйінде «Әдебиеттерді есептен шығарудың проблемалық мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Шара барысында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова және М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов алғы сөзбен ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың атынан Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасының меңгерушісі Жанар Журкабайевна Айткужина алғыс хатпен, мәдениет басқармасының атынан Қрасныйяр қалалық үлгілі кітапхана қызметкері Жумагайша Каптаевна Шаймерденова марапатталды. Семинарда Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қорларды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Ивановна Медведева кітапхана қорын тексеру: негізгі ережелер, қайта бағалау тақырыбында баяндама жасады.Семинарға қатысушылар әдебиеттерді есептен шығарудың құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша сұрақ-жауап форматында талқылап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі басшысының орынбасары Манарбек Сайлауович Бегахметов қатысты.

  

Мақаланың шыққан күні: 16.10.2024

Қаралым саны: 547

Біз әлеуметтік желідеміз