8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ ДЕМАЛЫС»

    30 мамыр күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Әдебиет әлеміндегі демалыс» атты ашық аспан астындағы open air  өткізілді.    

   Мақсаты: балаларға балалық шақтың тәтті кезеңін көрсету, жақсы көңіл күй сыйлау.

Мерекелік іс шара барысында кітапхана қызметкерлері кітапхана алаңында жиналған балдырғандарға әр түрлі қызықты ойындар өткізіп, викториналық сұрақтарға толымды жауап ала алды. Мерекелік алаңға балалар жазушылары Серік Жетпісқалиев пен  Альбина Кирилловна Байковская қатысып, балаларға жылы ізгі тілектерін білдірді. Ертегі кейіпкерлерінің рөлінде киінген қызметкерлер алаңда балалармен түрлі ойындар, билер ұйымдастырды.

   Іс-шарада  заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған  CD, 3D кітаптардан көрме, ұлы адамдардың даналық сөздері,  балаларға арналған әдебиеттердің озық үлгілерінен, балалар жазушыларының тың туындыларынан тұратын кітап көрмелері, «Қызықты кітаптарды оқиық»  буккросинг, «Денсаулық» флешмоб, «Бақытты бала үшін»  құқықтық викторина, «Әрқашан күн сөнбесін!» асфальтқа сурет салу, кітапханаға   «Ашық есік күні»    ұйымдастырылды. Ісшара соңында «DODO пица» өздерінің өнімдерімен балаларды қуантты.

    Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің филиалдары, 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне әртүрлі қызықты шаралар өткізілді

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2025

Қаралым саны: 906

Біз әлеуметтік желідеміз