30 мамыр күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Әдебиет әлеміндегі демалыс» атты ашық аспан астындағы open air өткізілді.
Мақсаты: балаларға балалық шақтың тәтті кезеңін көрсету, жақсы көңіл күй сыйлау.
Мерекелік іс шара барысында кітапхана қызметкерлері кітапхана алаңында жиналған балдырғандарға әр түрлі қызықты ойындар өткізіп, викториналық сұрақтарға толымды жауап ала алды. Мерекелік алаңға балалар жазушылары Серік Жетпісқалиев пен Альбина Кирилловна Байковская қатысып, балаларға жылы ізгі тілектерін білдірді. Ертегі кейіпкерлерінің рөлінде киінген қызметкерлер алаңда балалармен түрлі ойындар, билер ұйымдастырды.
Іс-шарада заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған CD, 3D кітаптардан көрме, ұлы адамдардың даналық сөздері, балаларға арналған әдебиеттердің озық үлгілерінен, балалар жазушыларының тың туындыларынан тұратын кітап көрмелері, «Қызықты кітаптарды оқиық» буккросинг, «Денсаулық» флешмоб, «Бақытты бала үшін» құқықтық викторина, «Әрқашан күн сөнбесін!» асфальтқа сурет салу, кітапханаға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Ісшара соңында «DODO пица» өздерінің өнімдерімен балаларды қуантты.
Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің филиалдары, 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне әртүрлі қызықты шаралар өткізілді
Мақаланың шыққан күні: 30.05.2025
Қаралым саны: 919
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru