Балалар кітапханасында «Ағаш көлеңкесіндегі домбыра әуені» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.
Шара барысында қазақтың ұлы күйшілері туралы қысқаша айтылды.Және де кітапхана қорынан арнайы ұйымдастырылған «Домбыра – халық мұрасы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты. Балалар музыка мектебінің жетекшісі Нұркенов Дауренбек кештің шымылдығын Құрманғазының «Адай» күйімен ашып, көрермендерге шынайы өнер тарту етті. Сонымен қатар «Қайнар» балалар аула клубының «Күмбірлі домбыра» ансамблі орындаған күй де көпшілік көңілінен шықты. Өнер көрсеткендердің қатарында Нұркен Саян , №14 мектептің оқушылары Амантай Нұрали мен Нұркен Мансұр қатысты. Және де домбыра туралы тебірене өлең оқыған Нұркен Мансұр,Жүнісов Дамир өнерлері де ерекше ықыласқа ие болды. Бағдарлама аясында «Ата мен немере» атты шағын сахналық көрініс қойылып, қазақ отбасындағы өнер мен тәрбиенің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын байланысы көркем түрде бейнеленді.
Мақаланың шыққан күні: 04.07.2025
Қаралым саны: 860
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru