8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

АХМЕТ ЖЫРЫ – ЖАДЫМДА

Көкшетау қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай «Ахмет жыры – жадымда» атты Ұлт ұстазы, Мемлекет және қоғам қайраткері, сан түрлі салада қалам тербеген ғалым, ақын, жазушы, реформатор, күрескер тұлға, тіл жанашыры, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, бірегей тұлға Ахмет Байтұрсынұлының жырларын жатқа, мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Мәнерлеп оқу байқауына Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен сусындап жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері мен Электронды кітапхана жанынан құрылған «Темірқазық» әдеби-мәдени ұйымының мүшелері қатысты.

Шараның мақсаты: : А. Байтұрсынұлының шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтын ұлықтауға, қазақы тағылым мен тарихи құндылықтарды игеруге және құнарлы қазақ тілінің көркем этикасына барлау, А.Байтұрсынұлы мұраларын насихаттау, студент-жастардың арасынан өлеңді мәнерлеп, көркем оқушыларды анықтау. Байқаудың өту тәртібі және шарттары: Байқауға Көкшетау қаласының 16-25 жас аралығындағы жастары қатысты; Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу; Мысалдарды оқу барысында тіл тазалығына, оқу мәнеріне, сахна үлгісіне, жеткізу техникасы мен образға кіруіне, мысалдар астында жатқан көркем пәлсапалық ойды түсініп, жеткізе білуіне ерекше назар аударылды. Байқау бір кезеңде өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Төлеуханқызы Бұлбұл, ІІ орынды Жұмадин Сымбат Қуатбекқызы алса, І орын Төлегенов Диас Самалұлына бұйырды. Жүлдегерлер мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мадақтама табысталды.

Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін. – деп жырлаған Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын, мұрасын зерттеу әрі зерделеу жалғаса берері сөзсіз. Аталмыш байқау арқылы Ахмет атамыздың жыры мәңгілік жадымызда сақталып, кейінгі ұрпаққа, мұрадан-мұраға жететінін көрсеттік.

Мереке баршаңызға құтты болсын!

 

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2024

Қаралым саны: 864

Біз әлеуметтік желідеміз