8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ»

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында белгілі қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, журналист Ғосман Төлеғұлдың 75 жылдығына орай «Аударма өнерінің хас шебері» тақырыбында еске алу кеші өтті. Ғосман Төлеғұл кеңестік дәуірдің салиқалы құрылымдары саналған партия және комсомол ұйымдарында із қалдырып, мемлекеттік қызметтің республикалық және аймақтық буындарында жауапты қызметтер атқарған, мемлекетшіл болмыс-бітімі биік қоғам қайраткері, бірқатар кітаптардың құрастырушысы әрі редакторы болып өз қолтаңбасын тарих қойнауына табыстаған даңғайыр қаламгер. Ол әдебиет, негізінен аударма қызметімен белсенді айналысқан.
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Б. Нұғыман, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Ш. Алиев ардагерлер кеңесінде атқарған еселі еңбегі, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесін, ал мәдениет және тіл жанашырлары Қ.Б. Төлекеев, М.Қ.Жақыпова мемлекеттік тілді дамыту, туған тілдің мәртебесін нығайту жолындағы атқарған ауқымды жұмыстарын еске алды. Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжінің директоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, әдебиетші-ғалым Н. А. Ахат, Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С. Жәмбек тәржіме сынды аса қиын іске бар өмірін ар¬нап, қазақ әдебиетінің аударма қоржынына мол олжа салған абзал азаматтың жанкешті ең¬бегін, тілге тиек етті. Журналистика саласындағы тындырымды еңбегі туралы «Қазақстан журналистер одағы» Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б.Смағұл бөлісті. Шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің студенттері Ғосман Төлеғұлға арнаған Қ.Аманжолдың «Азамат», «Ғосман ғибраттары», Ахмет Кендірбекұлының «Кемел», Сайлау Байбосынның «Өзіңе деген ізетімді аға!..., Кемел Оспановтың «Ғибратты ғұмыр өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасеновтың орындауында «Көкшетау» әні шырқалды. Жиылған қауым назарына «Өз дара жолы бар майталман» тақырыбында кең ауқымды көрме ұсынылды. 

Мақаланың шыққан күні: 31.01.2025

Қаралым саны: 157

Біз әлеуметтік желідеміз