Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Еңбек мерекесі» қарсаңында «Адал еңбекке — Ақ бата» атты батагөйлер сайысы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — ұлтымыздың рухани тірегі саналатын бата дәстүрін дәріптеу, қариялар тәжірибесін жастарға үлгі ету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Бата — қазақ халқының ізгі дәстүрінің алтын арқауы. Әрбір батада игі тілек, терең ой, өмірлік бағдар бар. Бата – халық жүрегінің үні, ата-бабадан жеткен қасиетті мұра. Батамен ел көгеріп, жер көгерген. Ол – халықтың тілеуі, ұрпаққа қалдырған аманаты. Осындай шаралар ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға үлкен үлес қосады. Ұлттық рухты жаңғыртқан тағылымды шараға ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналар белсенді түрде қатысты.
Сайысқа қатысушылардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Жетпісқалиеав Серік Сапарұлы, өлкетанушы, тіл жанашыры Мұрат қажы Ыдырысұлы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы, журналистика ардагері Балталы Сәрсенбаев, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» директоры, Облыстық журналистер ұйымының төрағасы Бақыт Смағұл, М. Ғабдуллин музейінің директоры, айтысқер ақын Қонқаев Мұхаммед Мерекеұлы әділ бағасын берді. Сайыстың шарты бойынша әрбір қатысушы еңбекқорлық, маңдай тер, адал табыс туралы батаны жатқа оқыды. Шара барысында «Достар» МС ның әншілері ән-шашу ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жеңімпаздарға марапаттарды Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Шияп Әлиев табыстады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мақаланың шыққан күні: 19.09.2025
Қаралым саны: 15
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru