8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Әдебиет әлеміндегі демалыс»

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі қалалық саябақта «Әдебиет әлеміндегі демалыс» әдеби жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Шара мақсаты- оқырмандар назарына тәрбиелік мәні зор, көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды ұсыну, оларды саналы өмір сүруге талпынту, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, халқымыздың ұлттық құндылықтарын бағалай білуге, әр баланың құқықтары мен мүдделерін насихаттауға және қорғауға шақыру. Жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, ой-өрісін дамытатын, ақылына ақыл қосатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмірдің рухани оқулығы, балалар әдебиетінің үздік туындыларын ұсыну.

Шараға балалар жазушысы Қайырбай Төреқожа, қаламгер, тіл жанашыры Қаратай Байкенұлы Төлекев, Қалалық ақпартаттық кітапхана жүйесінің басшысы, балалар жазушысы Серік Жетпісқалиев, Көкшетау қаласының мәдениет тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Жансая Қалиақпарова қатысып, балғындарды мерекелерімен құттықтады. ҚІБ Ювеналды полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмаған уческелік инспекторы, полиция лейтенанты Айғаным Бекболатова жазғы демалыс уақытында жол ережесін сақтау туралы ақпарат берді.

Іс-шарада заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған CD, 3D кітаптардан көрме, ұлы адамдардың даналық сөздері, балаларға арналған әдебиеттердің озық үлгілерінен, балалар жазушыларының тың туындыларынан тұратын кітап көрмелері, «Қызықты кітаптарды оқиық» буккросинг, «Денсаулық» флешмоб, «Бақытты бала үшін» құқықтық викторина, «Әрқашан күн сөнбесін!» асфальтқа сурет салу, кітапханаға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс шараға «Достар» МС жанындағы «Кәусәр» балалар тобы мерекелік-ән шауын жолдаса, ЖШС «Гормолзовод», DODO пицца демеушілік көмек көрсетті. Шараға қатысқан балалар мен ата аналар дән риза болып алғыстарын айтты.

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2024

Қаралым саны: 910

Біз әлеуметтік желідеміз