21 мамыр күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында әдебиет, өнер тарихында таза болмысымен, турашылдығымен, даналығымен, күйлі – қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл – мол алыптарының бірі – Алшын Әйтеке бидің 380 жылдығына «Әділдікті ту еткен – Әйтеке би» атты тарихи time ұйымдастырылды.
Мақсаты: Әйтеке бидің өмірбаянымен танысу; Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру, оқырмандарды кітап оқуға шақыру. Шараға №3 көпсалалы мектеп — гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Нуралинов Ренат Мусжанұлы және Красный яр ауылының № 1 орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетілді.
Дата создания статьи: 21.05.2024
Количество просмотров: 4343
Наш адрес:
город Кокшетау,
ул.Потанина 53
Режим работы:
Пн-Пт: 10:00-19:00
Сб: 10:00-18:00
Вс: Выходной день
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru