8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ахмет тағылымы»

14 қыркүйек күні «Достар» МС-да Электронды кітапхананың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет тағылымы» атты қалалық «40 мысал» оқу байқауы өтті. Мақсаты: А. Байтұрсынұлының шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтын ұлықтауға, қазақы тағылым мен тарихи құндылықтарды игеруге және қазақ тілінің көркем эстетикасына барлау болып табылады. «40 мысал» жинағын зерделеп, зерттеу, мысалдар астында жатқан көркем пәлсапалық ойдың астарына үңілу. Шараға Ұлт ұстазының кем дегенде 3 мысалын жаттаған 15-22 жас аралығындағы қала жастары қатысты. Мысалдарды оқу барысында әділ-қазы алқасы тіл тазалығына, оқу мәнеріне, сахна образы мен өзін-өзі ұстау ерекшелігіне, жеткізу шеберлігіне баса мән берді.

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2022

Қаралым саны: 11268

Біз әлеуметтік желідеміз