8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Айбыны асқақ Ата Заң»

22 тамыз күнi Ата Заң күнiне орай, Қалалық үлгiлi қазақ кiтапханасының ұйымдастыруымен «Айбыны асқақ Ата Заң» атты кiтапханалық бульвар болып өттi. Мақсаты: Оқырмандарға конституция күнiнiң маңыздылығын, тарихын түсiндiру, Ата заңды бiлу, құрметтеу және өз құқығын қорғай бiлуге шақыру, кiтап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

Шара барысында қала тұрғындарына Ата Заңға байланысты сауалдар қойылып, қазақ тарихында Ата Заңның алатын орны, оның қазiргi мемлекетiмiздiң дамуына қосып келе жатқан үлесi, жеке адамның конституциялық құқықтары мен мiндеттерiне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана бiлу, т.б жайлы мағлұматтар берiлдi. Конституцияның тарихи мән-маңызы берiлген буклеттер, парақшалар таратылды. «Әдеби Көкше» клубының мүшелерi патриоттық өлеңдердi жатқа оқыды. Шарада елiмiздiң, елдiгiмiздiң басты құжаты — Ата Заңға арналған «Ата Заңым — ата-баба мұрасы». атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған Г. Искакова, Н. Ғазизова, А. Сембаева «Қазақстан Республикасындағы адам құқығы», Табанов С.А., Оразова А. Ә., «Күрделi заманның өтпелi кезеңдерiндегi қазақ қоғамы, Ата Заңдарының (конституцияларының) тарихи- құқықтық сабақтастығы», Қанапия Омарханов «Қазақ елiнiң дәстүрлi құқығы», Өмiрәлi Қопабаев «Ата Заң- мемлекет дамуының iргетасы», «Древний мир права казахов»,Т.С.Хартли Еуропа қоғамдастығы құқығының негiздерi» атты еңбектер оқырманның ерекше ықыласына ие болды. Қатысушылар Ата Заң аясындағы қол жеткiзiлген жетiстiктерiмiз туралы пiкiр алмасып, елiмiзде тұрақтылық, бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң кепiлiне айналған Конституция күнiне өздерiнiң ақ тiлектерiн бiлдiрдi. Шараға қатысушылар көңiлдi, рухани азық алып, қанаттанып қайтты.

Мақаланың шыққан күні: 22.08.2017

Қаралым саны: 53546

Біз әлеуметтік желідеміз