8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Алаштың алыбы

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгiлi кiтапханасы алып күш иесi, күрес өнерiнiң бiрнеше түрiн жетiк меңгерген теңдесi жоқ кәсiпқой палуан, әлем чемпионы атағына қол жеткiзген тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Алаштың алыбы» атты ақпарат plus + өткiздi. Ақпарат plus + КСРО-ның спорт шеберi, Қазақстанның құрметтi журналисi Қалымбек Мұхамеджанов қатысып, Қажымұқан Мұнайтпасұлы жайлы алуан деректер айтып, палуанның қай жерде туса да алашқа ортақ тұлға екенiн тiлге тиек еттi. Қазақ жастарының палуан тұлғаға елiктеу керектiгiн, «Қазақстан барысын» Қажымұқанның атымен өткiзу керектiгiн айтты. Қалымбек Мұхамеджанов Қажымұқан жайлы кiтаптарды көп оқитынын айтты.

Мақаланың шыққан күні: 07.04.2021

Қаралым саны: 16122

Біз әлеуметтік желідеміз