8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Әлемдегі барлық нәрсе туралы»

Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы В.Д.Берестовтың 95 жылдығына арналған «Әлемдегі барлық нәрсе туралы» мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқау Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің балдырғандарының арасында, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауды қорытындысы бойынша:

І орынды — «Достық» балабақшасының тәрбиеленушісі Козлова Анастасия, ІІ орынды — «Еркемай» балабақшасының тәрбиеленушісі Кривоношко Максим, ІІІ орынды — «Еркемай» балабақшасының тәрбиеленушісі Истислямова Камила иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар, балаларды байқауға әзірлеген тәрбиешілер Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің атынан дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 13.04.2023

Қаралым саны: 5517

Біз әлеуметтік желідеміз