8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Әлемді танытқан алты нүкте

Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамының 85 жылдығына арнап «Әлемді танытқан алты нүкте» атты Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу облыстық сайыс өткізді.

Мақсаты: Брайль жүйесін насихаттау, нүктелі бедерлі кітаптарды оқуға тарту. Сайысқа Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы: Атбасар ауданы Мариновка ауылы, Степногорск қаласы, сонымен қатар ең алғаш рет сайысқа Давыдова Вероника, Байкенова Амангүл, Әмір Мұратбеков зағип оқырмандары қатысып, үш минуттың арасында шығармадан үзінді оқып, екі минут диктант жазды.

Іс шараға Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, С.С. Жетпісқалиев, Ақмола облыстық қазақ зағиптар қоғамының төрайымы М.В. Тәңірбергенова, Оқу-өндірістік кәсіпорын директоры К.Я. Кравченко, «Альфа - 2030» корпоративтік қор басшысының көмекшісі Н. Оладько, Оқу-өндірістік кәсіпорын клубының меңгерушісі С.А. Оладько және кітапхана оқырмандары қатысты.Сайысқа «Альфа -2030» корпоративтік қор басшысы В.А. Селиванов, Ақмола облыстық қазақ зағиптар қоғамы,төрайымы М.В.Тәңірбергенова демеушілік көрсетті. Сайыс барысында әр топтан Мария Рванцова, Елена Логунова, Ульяна Королькова, Давыдова Вероника жеңімпаздар атанып, сыйлық пен алғыс хаттармен марапатталынды.

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2022

Қаралым саны: 8800

Біз әлеуметтік желідеміз