8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Әр өлеңі — бір әлем»

«Темірқазық» ұйымы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай «Әр өлеңі — бір әлем» атты поэзиялық кеш өткізді. Бұл кеште ақынның әдеби мұрасымен, шығармашылығы дәріптелді. Жүрек тербейтін ерекше поэзиялары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өз даусында «Пай, пай өмір» атты поэзиясы экраннан көрсетілді. Темірқазық ұлдары мен арулары ақынның поэзияларын жатқа оқып, көрермендердің жүрегіне жеткізе білді. Мұқағали Мақатаев атамыздың әр өлеңді жазудағы тарихы ерекше көрініс тауып, сахнада айқын көрінді. Келген қонақтарымыз өздерінің ризашылықтарын, қошеметтерінің арқасында жеткізді. Кеш соңында Серік Жетпісқалиев, Мұрат қажы Ыдырысұлы, Мерген Тоқсанбай өздерінің ізгі-ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2023

Қаралым саны: 5335

Біз әлеуметтік желідеміз