8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Асыл сөзді - іздесең»

10 тамыз күні Абай күніне орай Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Асыл сөзді - іздесең» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Кешті қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, ақын-жазушы Серік Жетпісқалиев жүргізіп, іс-шараға Көкшенің зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда ф.ғ кандидаты, абайтанушы Аманжол Есмағұлов, қала ардагерлері, философия докторы, әдебиеттанушы ғалым, ақын-жазушы Ерболат Баят, «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Маратұлы Беспалинов, М.Ғабдуллин музейінің директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Мұкышев Кенжебай Жәнібекұлы, Математика ғылымдарының кандидаты, профессор Есмағамбетов Мұсатай Ғалымұлы, Қиықов Мейрамбек Қиықұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шарада кітапхана қызметкерлерімен Абай залына экскурсия ұйымдастырылып, Абай мұрасын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндалады. Шара барысында кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар ұсынылып, талқыланса, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері Айнаш Болатбекқызы Ерубаева, Хамидолла Абайұлы Жармұханбет, кітапхана қызметкерлері Қыстаубай Нұрлан, Гүлжанар Нұрланқызы және кітапхананың тұрақты оқырманы Асар Балнұр, Сәрсенбай Еркетаң ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. «Достар» МС- ның әншілері Ермек Аяулым, Маркина Анастасия, Айдын Қабділжамит Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап, кеш шырайын кіргізді.

Абай мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан әлем таныған Абайдың рухани қазынасынан сусындау әр қазақтың парызы.

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2023

Қаралым саны: 4662

Біз әлеуметтік желідеміз