8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Аударма саласының саңлағы»

Республика күніне орай Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлұлының қатысуымен «Аударма саласының саңлағы» дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесудің модераторы – ақын, журналист, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы көп жылдар бойы журналистика саласында, өңірлік және республикалық басылымдарда жарияланған публицистикалық еңбектердің авторы, аударма саласында еңбек етіп жүрген Ғосман Төлеғұлұлы шығармашылығына тоқталды.

Іс шараға зиялы қоғам өкілдері: Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Шарапұлы Алиев, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әсия Өміртасқызы Шаримова, Көкшетау қаласы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің кеңесшісі Аманай Асылбайұлы Сейтқасымов, «Бұқпа» газетінің бас редакторы Бақыт Смагұл, «Көкше» телеарнасының директоры Нұрлан Нұрбайұлы Атабаев, «Қазақ тілі және мәдениет» ҚБ төрағасы Марат Қойшин, «Қоғамдық келсім сарайы» КММ директоры Ермек Бекенұлы Нұғманов, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Күнім Абдысалыққызы Уразбаева, Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс филология факультетінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысып өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында оқырмандарға жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұлұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақаланың шыққан күні: 20.10.2022

Қаралым саны: 8664

Біз әлеуметтік желідеміз