Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саяси көшбасшы Еркін Әуелбековтің есім-сойы алыс-жақындағы жұртқа етене таныс. Көкшетау, Торғай, Қызылорда өңірлерінде басшылық қызметте жүріп ұлан-ғайыр еңбек атқарды. Бұрын-соңды шешілмей келе жатқан соқталы істердің түйінін тарата алды. Саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын Кеңестік жүйенің сызған шеңберінен шығып, қара ормандай халықтың көкейкесті үнін тыңдай білді. Қазағы аз солтүстік өңірлердегі ұлттық мәселелерге білегін сыбанып, қаймықпай араласқан ұлтшыл азамат. Қолымда тізгін бар екен деп артық қарпып, жемсауын толтыруға жаны қас-тұғын. Адал жүрегі мен қара терін жұрттың қажеті үшін арнаған тұлға.
Басқан ізінен әділдіктің, адалдықтың қызғалдағы көктеп шыққан қайраткердің әр ісі ұрпаққа үлгі, кейінгіге ұлағат. Қарапайымдылығы мен қажырлы болмысы ешқашан ұмытылмайды.Сол қарабайыр халық қоныстанған Көкшетау қаласында да Еркін Әуелбеков атында көше, ескерткіш бар. Әңгіме сол жайлы болмақ.
Көкшетау қаласының негізгі көшелерінің біріне Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің есімі берілген. Көшенің жалпы ұзындығы – 4 км. Көше бойында Смағұл Садуақасов атындағы аллея бар. Сол аллеяның бойында 2021 жылы қараша айында Әуелбековке арналған ескерткіш ашылды. Сонымен қатар көше бойында тұрғын үйлер, аурухана, сауда үйлері, университет, мешіт, тамақтанатын орындар, дүңгіршіктер т.б. ғимараттар бой түзеген. Бір жылдары Қаныш Сәтпаев көшесі, №15 үйде Еркін Нұржанұлы Әуелбеков тұрған. Сол жерде ескерткіш тақтасы да орналасқан.
Еркін Нұржанұлы Әуелбеков Көкшетау, Торғай, Қызылорда обылыстарын басқарды. 1968-1978 Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары өлкеміздің ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы қарқынды өркендеп, тұрғындардың тұрмыс ахуалының айтарлықтай жақсарғаны Еркін Әуелбековтің ерекше іскерлігінің, халыққа деген сүйіспеншілігінің, даралығы мен даналығының айқын көрсеткіші. Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің бастамасымен біздің Көкшетау қаламызда көптеген ғимараттар өз кезеңінде түзілді. Атап айтар болсақ: Көкшетау теміржол вокзалы, Мәдениет сарайы, Аэропорт, Цум орталығы және басқа ғимараттар салынды. Еркін Әуелбековтің атқарған әр жұмысын мұрнынан тізбектеп атап шығу мүмкін емес. Оған тарих пен халық куә. «Еліне пайдасы тиген ерлерді айтпасаң, ертеңгі бозбала бордай үгіліп, өз жеріне өгей бала болады».
Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Мақаланың шыққан күні: 03.03.2025
Қаралым саны: 1034
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru