8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ауған ардагерлеріне тағзым»

Жас ұрпаққа ерлік жолдарын үлгі етіп, отансүйгіштікті насихаттау мақсатында Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеш ұйымдастырылды.

Шараға Ақмола облысы Қорғаныс Істері департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық басқармасының бастығы- Департамент бастығының орынбасары — подполковник Алиев Ақдаулет Төлешұлы,Көкшетау қаласы Ауған соғыс ардагерлерінің кеңесінің төрағасы Ыбрай Дуанбай,Қайтенов Амантай Серікұлі, Кусайнов Жанатай Кожахметұлы, Жаксылыков Алтай Жетписбайұлы, Красный яр ауылы әкімдігінің әкімнің орынбасары Макиш Серікжан Мейрамұлы, ардагерлер ұйымының төрағасы Абишев Есімбек Сабырұлы және орта мектеп оқушылары мен ұстаздары, оқырмандар қатысты.

Шара барысында қонақтар сөз алып, жас ұрпаққа жарқын болашақ тілеп, өз бастарынан еріксіз өткізген отты жылдардың естелігімен бөлісті.«Көкше» МҮ әншілері кеште патриоттық әндер шырқады. № 3 Красный яр көпсалалы мектеп -гимназиясының «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары өзінің әскери өнерін көрсетті.

Ақмола облысы Қорғаныс Істері департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық басқармасының бастығы- Департамент бастығының орынбасары — подполковник Алиев Ақдаулет Төлешұлы жас ұландарға Қазақстан Республикасы қорғаныс министірлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстады.

 

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2023

Қаралым саны: 6082

Біз әлеуметтік желідеміз