8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Жеңіс Автобусы

«Бастау-1» автомобиль паркiнiң бас директоры В.А.Керсанкиннiң және «Кокшетау автобус паркi» басшысы А.М.Шаримованың ресми қолдауымен 2017 ж. 4 мамыры №25, №14 қалалық маршруттары мерекелiк безендiрiлiп, «Жеңiс Автобусы» қала көшелерiне шықты. Аталмыш мерекелiк бағдарлама арқасында жолаушылар мерекелiк атмосфераға бөленiп, әскери жылдардың естелiктерiмен қауыша алды. Осы мақсатта автобустар Ұлы Жеңiс күнiне арналған плакаттармен, 1945 ж. 10 мамырда шыққан газет беттерiмен безендiрiлдi. Бағдарлама аясында жолаушыларға Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi ұйымдастырған «Песни войны и победы» ақпараттық-музыкалық бағдарламасы ұсынылды. Мереке қарсаңында, жолаушылар соғыс жылдарындағы әскери әндердi еске алу мүмкiндiгiне ие болды. Ержүрек жауынгерлер жан-жақтан атқылаған зеңбiректер мен оқтарға қарамастан, өмiр мен өлiмнiң арасында жүрсе де, көңiл көтерiп, ән айтуды тоқтатпаған. Оған дәлел, осы күнге дейiн жатталып, айтылатын соғыс кезiндегi әндер.Бiрқатар әндер сол уақытта отансүйгiштiк рухта шығып, жауынгерлер арасында айтылып жүрсе, нәзiк лирикалық әндерiнiң бiр бөлiгi елге жетiп, танымал болды. Күнi бойы жолаушылардың жанына әскери киiмдегi автобус жүргiзушiсi, кондуктор, үгiттеу бригадасынан тұратын шағын «сарбаздар отряды» серiк болды. Бұл мерекелiк акцияның қонақтары сырнайшы, әншiлер және жүргiзушiлер. Мерекелiк бағдарламаның негiзгi идеясы — Отан соғысының отты жылдарындағы лирикалық шығармалар мен әндердiң мәнiн ашу.Ол әндердiң жеке тарихы мен тағдыры бар. Жолаушылар назарына викториналық сұрақтар ұсынылып, халық сүйiп тыңдайтын «Ақ көгершiн», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «День Победы», «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек», «Три танкиста» әндерi айтылды. Бұл күндерi мерекелiк көңiл-күйде айтылған әндер тым ерекше шырқалып, бейбiтшiлiк пен мейiрiмдiлiк сезiмiн ұялата отырып, тұрғындарды жақындастырды. Аталмыш iс-шараны Жеңiс үшiн аянбай ерлiк көрсеткен бабаларды еске алу, құрметтеу және сыйлау, қадiр тұту мерекесi деп атауға болады. Бұндай iс-шара қаламызда Қалалық ақпарараттық кiтапхана жүйесiнiң ұйымдастыруымен жыл сайын өткiзiлуде, және бұндай iс-шаралар тұрғындардың жүрегiнде өшпес iз қалдырды деген үмiттемiз.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2017

Қаралым саны: 52569

Біз әлеуметтік желідеміз