«БАТЫР ЕРЛІГІ-ЕЛ ЖҮРЕГІНДЕ»
Көрнекті ғалым, белгілі жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары және Орталық қалалық үлгілі кітапхана «Батыр ерлігі-ел жүрегінде» атты оқу конференциясы өтті. Конференцияның басты мақсаты – Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым, ұстаз, кемеңгер басшы М.Ғабдуллиннің сан қырлы тұлғасын мысалға ала отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих және география кафедрасының гуманитарлық ғылымдар магистрі Ыдырысов Рашид Ашкенұлы қатысты. Жолаушина Майра Шаяхметқызы – Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражай қорының бас сақтаушысы, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп- гимназиясының кітапханашылары, Қалалық ақпараттық жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев қатысты. Шара басында кітапханашы Жанаргуль Зендинқызы Абдрахманова, Мәлік Ғабдуллиннің сан қырлы тұлғасы, шығармашылығы мен әдебиеттану ғылымына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталды. «Ғылыми-педагогикалық жұмысын соғыстан кейінгі жылдарда бастаған Мәлік Ғабдуллиннің зерттеуі «Қобыланды батыр» халық эпосын зерттеуден басталғаны жайлы айтып кетті. Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражай қорының бас сақтаушысы Майра Шаяхметқызы Жолаушина кітапхана қорына Мәлік Ғабдуллин туралы кітаптарды сыйға тартты. Конференция әдебиеттерге шолумен және слайдтармен толықтырылды. Бұл шарада әр адам өз елінің халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған есімдерін өскелең ұрпаққа жеткізу, насихаттау.
Мақаланың шыққан күні: 30.04.2025
Қаралым саны: 84