Отбасылық құндылықты насихаттау мақсатында, Президентiмiз Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы қоғамдағы бiрлiк пен келiсiм негiзi бастамасына сәйкес бiз жыл сайын Халықаралық отбасы күнiн өткiземiз. Қазақстан Халқы Ақмола облысы Ассамблеясы жанындағы «Аналар Кеңесiнiң» төрайымы Қиықова Зере Еспайқызының бастамасымен Станционный үлглi қалалық кiтапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы — мемлекет негiзi» атты бенефис-шоу өттi. Iс-шараның мақсаты: отбасы мүшелерiнiң бойына рухани-адамгершiлiк құндылықтарын сiңiру. Осы арқылы бiрлiктерiн, ынтымақтастықтарын нығайту, бiр-бiрiн сыйлау, сенiмдiлiк, адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру. № 7 орта мектебiнiң салтанат залында осы жылдың наурызында 10 жылдық мерейтойын тойлаған, «Шанырақ» отбасылық оқу клубының мүшелерi жиналды. Құрметтi қонақтарымыз және қатысушыларымыз — көпбалалы отбасы Ахмедияровтар отбасы, жас отбасы — Шаймерденовтер, Габдуллиндер, еңбеккер әулет — Бюроковтар бас қосты. Қатысушыларға құттықтау сөзiмен Қазақстан Халқы Ақмола облысы Ассамблеясы жанындағы «Аналар Кеңесiнiң» төрайымы Қиықова З.Е. сөз сөйледi. Iс-шара қатысушыларын Достық үйiнiң директоры орынбасары Исмагулов М.А. құттықтап, бағалы сыйлықтарын ұсынды. Станционный кентiнiң әкiмi Байдалин Е.У.Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң қызметкерлерi қатысты.
Музыкалық номерлердi № 18 мектеп оқушылары: «Әпке» атты отбасылық дәстүрi жайлы қысқа көрiнiс көрсеттi, № 14 мектеп оқушысы, Iс — шараның өтiлуiне ҚАКЖ мамандары үлкен көмек көрсеттi. Отбасы күнi мерекесi сәттi өтiп, бiр — бiрiмiздi жақынырақ танысуға көмектестi, бiрлiкке, татулыққа баулыды.
Мақаланың шыққан күні: 15.05.2017
Қаралым саны: 53191
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru