8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Абайды әлемге танытқан ғасыр перзенті» оқырман конференциясы

Красныйяр қалалық үлгілі кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі, Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай және заңғар жазушының сүбелі туындысы, әйгілі «Абай жолы» роман- эпопеясының жарыққа шыққанына 80 жыл толуына арналып «Абайды әлемге танытқан ғасыр перзенті» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әйгілі жазушының өмірі мен шығармашылық жайлы мағлұмат беру, оқырман жүрегінен орын алған шығармаларын дәріптеу. Ұйымдастырылған шараға Красный Яр ауылының №1, №2 орта мектептерінің, №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының мұғалімдері, шәкірттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Оқырман конференциясы барысында оқырмандар «Абай жолын оқығанда», «Абайдың рухани ізгіліктері», «Маған ұнаған кейіпкер»,

«Тұлға жайлы естеліктер» тақырыптарында баяндама жасап, өзара пікір алмасып, ой бөлісті.

Мақаланың шыққан күні: 11.03.2022

Қаралым саны: 10579

Біз әлеуметтік желідеміз