8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Даналық дара шыңы» оқырман конференциясы

Алты Алаштың ақтаңгер ақыны, елдiң мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, ұрпағына ұлы мұра қалдырып кеткен ХХ ғасырдың Гомерi Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толуына орай, Красный Яр қалалақ үлгiлi кiтапханасында «Даналық дара шыңы» атты оқырман конференциясы өттi. Конференция барысында қатысушылар назарына «Даналық дара шыңы» атты шағын бейнебаян көрсетiлдi. Оқырмандар «20 ғасырдың ұлы жырауы-Жамбыл Жабаев» қазақ тiлi және әдебиет пәiнiң мұғалiмдерi Г.Байзаубайқызы,А.Ж.Мейрамова баяндама жасады. «Ленинградтық өренiм», «Алғыс», «Қызыл жұлдызға құттықтау» өлеңдерiң Красный Яр орта мектебiнiң жоғарғы сынып оқушылары Бек Нүрсәуле,Гиреева Карина және Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенттерi Сарсембаев М,Қаратай С,Каржас М оқыды . Осы тақырыпта өз ой пiкiрлерiн бiлдiрiп, Жамбыл шығармашылығынан алған әсерлерiмен бөлiстi.

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2021

Қаралым саны: 18446

Біз әлеуметтік желідеміз