8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жыр дүлдiлi — Жамбыл» оқырман конференциясы

Биыл халық ақыны, жыраулық өнердiң шеберi, айтыскер «Жамбыл — менiң жай атым, халық- менiң шын атым» деп жырлаған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Айтулы датаға орай Қазақ қалалық үлгiлi кiтапханасында жыр алыбының бай мұрасына арналған «Жыр дүлдiлi –Жамбыл» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияда алғы сөз алған модератор Ұлы Даланың алып жыршысы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойымен барша оқырмандарды құттықтай келе, қатысушылар назарына «Жыр алыбы — Жамбыл» атты ақынның өмiрi мен шығармашылығынан мәлiмет беретiн шағын бейнебаян ұсынды.

Сондай-ақ оқырмандарға «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кiтап көрмесi таныстырылды. Өз кезегiнде оқырмандар «Жамбылдың –жыр әлемi», «Менiң пiрiм — Сүйiнбай», «Жамбылдың жыршылығы жайында», «Айтыстың дарабозы» тақырыптарында өз ой пiкiрлерiн бiлдiрiп, Жамбыл шығармашылығын оқығанда алған әсерлерiмен бөлiстi. Және оқырмандар «Туған елiм» толғауынан үзiндi, «Сұраншы батыр» дастанынан үзiндi, «Жамбыл мен Құлманбеттiң айтысы»-нан үзiндi, «Жаныс ақынға» өлеңiн, «Жалғызбын деп жүрмесiн» атты өлеңдерiн жатқа оқып, өзара пiкiр алмасты.

«Жамбыл жырлары теңiз түбiнде шашылып жатқан маржан секiлдi. Оны жинап алып халқының қолына беру — бiздiң әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» — деген екен Сәкен Сейфуллин.

Жамбыл — жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесi, тозбайтын асылы. Жамбыл жыры жасампаз ұрпақтың сырласындай, қимасындай мәңгi халқымен бiрге жасай бередi.

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2021

Қаралым саны: 18110

Біз әлеуметтік желідеміз