8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Алғыс айту

Алғыс айту мерекесіне орай Электронды қалалық кітапханада Түркияда құтқару жұмыстарына қатысқан

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы мен Азаматтық қорғау старшинасы Қамат Қалымбекұлы Баязитовпен ашық алаң өтті.

Іс-шараға: “Темірқазық” әдеби клубының мүшелері мен Ш. Уәлиханов университетінің студенттері және ҚАКЖ әдіскерлері қатысты.

Шара барысында Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарының қалай жүргені жайлы, тұрғын үйлер мен ғимараттардың үйінділерінен адамдарды шығару, сондай-ақ құтқару гидравликалық құралдары мен жабдықтары арқылы үйінділерді тазарту бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жайлы кеңінен баяндап берді.

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2023

Қаралым саны: 5810

Біз әлеуметтік желідеміз