«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасының Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра - дастан» тақырыбында күйшілермен кездесу өтті.
Шараға Балалар музыка мектебінің ұстазы Нұрмұханов Қайрат Қаратайұлы, «Достар» мәдениет сарайының «Балқадиша» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Кәрібай Мағжан Мейрамханұлы, Белсенді ұзақ өмір орталығының өкілдері, қала тұрғындары, оқырман қауым қатысты.
Шара барысында жастарды дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулып, музыка мектебінің домбыра класында дәріс беріп жүрген ұстаз Қайрат Қаратайұлы, кәсіби мамандығы домбырамен тығыз байланысты Мағжан Мейрамханұлы күмбірлете күй шертіп, қатысушыларды ерекше күйге бөледі. Күйлердің шығу тарихымен таныстырып, домбыраның сүйемелдеуімен қазақ әндерін шырқады. Кітапханашылар «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» тақырыбында көрмеге шолу жасады.
Мақаланың шыққан күні: 03.07.2025
Қаралым саны: 853
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru