8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Кітапсыз өткен бір күн- орны толмас бос күн»

2018 жылдың, 4-i сәуiр күнi, орталық қалалық балалар және жасөспiрiмдер кiтапханасында балалар апталығына орай,Қостанай қаласының, А.С.Пушкин атындағы балалар кiтапханасымен бiрлесе отырып «Кiтапсыз өткен бiр күн- орны толмас бос күн» атты скайп арқылы телемост өткiзiлдi. Телемост Көкшетау қаласы және Қостанай қалаларының 5-7 сынып оқушылары арасында виртуалды дөңгелек үстел ретiнде өттi. Екi жақтың балалар, жазушыларымен танысу интерактивтiк диолог ретiнде жүрдi.

Iс-шараға, жас жазушы Тамирис Саматованың жас жеткiншек балаларға арнап жазған кiтаптар топтамасы, және де «Акмолинская правда» облыстық қоғамдық саяси газетiнiң журналистi, халықаралық медиа-холдингтiң меншiктi тiлшiсi Бақыт Төлегенқызы Мухамедиярова-Тасовамен Қостанай қаласының балалар жазушылары Ақылбек Шаяхмет және А.И.Сусловамен сұхбаттасып, пiкiр алмасты.

Сүйiктi ертегi кейiпкерлерi Мальвина және Буратино киiмдерiн киген балалар, ерекше мерекеге көңiл-күймен iс-шара жасауға көмектеседi.

Көкшетау қаласымен Қостанай қаласының жазушылар арасында ынтымақтастығы мен шығармашылық нығайтып, оқушы жастардың кiтапқа деген қызығушылықтарын, жергiлiктi жазушылардың шығармаларын телекөпiр арқылы таныстырып жеткiзе бiлдiк деген үмiттемiз.

Мақаланың шыққан күні: 04.04.2018

Қаралым саны: 49976

Біз әлеуметтік желідеміз