Шараға теміржолшылар әулеті Тілеуленов пен ұстаздар әулеті Қабыловтар қатысты.
45 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз Қабылова Зауре Сабыржанқызы әке ізін жалғап, көптеген ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтіп, математика ғылымына деген сүйіспеншілігін оятқан жан. Ол талай жыл оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып, бүгінде №12 ЖООБМ-нің математика пәнінің құрметті ұстазы болып еңбек етіп жүр. Өмірлік серігі Марат Белсендіұлы білім ордасының басшысы лауазымын абыроймен атқарған, қазіргі таңда заманауи білім берудегі жаңашылдықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүрген Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің маманы. Зауре Сабыржанқызының сіңлісі Әлия 35 жыл Астана қаласы «Алпамыс» дарынды оқушыларға арналған мектеп ұстазы, жиені Сымбат 15 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып Ұлы Отан соғысының ардагері, атасы Сабыржан Мұқашұлының ұстаздық жолын жалғап келеді.
Ал теміржолшылар әулетінің өкілі Мұратбек Мұқашұлының әкесі 48 жыл жол шебері, анасы 40 жыл бағыттамашы болып жұмыс істеген. Отбасындағы 12 баланың ішінен 10-ы теміржолшылар. Ол өзінің адал еңбегі үшін 2014 жылы 22 маусымдағы № 483-к бұйрығымен «Құрметті теміржолшы» атанған еңбек майталманы, «Біртұтас қазақ темір жолына 50 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалінің иегері.
Кездесуге қатысқан Көкшетау қаласы Құрылыс — технологиялық колледж студенттері, №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары еңбек әулеттерінің еңбек жолымен танысып, тағылымды шарадан мол өнеге алды. Еңбек ету арқылы рухани және материалдық кемелдікке жетуге болатынын ұғынды.
«Достар» мәдениет сарайының әншілері әннен шашу шашып шараның шырайын аша түсті. Шара соңында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдістемелік библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Самал Естайқызы Махсотова кездесу қонақтарына естелік сыйлық табыстады.
Мақаланың шыққан күні: 17.09.2025
Қаралым саны: 65
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru