8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ынтымақ — ырысқа бастайды»

Астана қаласының бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында 2017 жылдың 26 сәуiрiнде «Тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм — жаңғыртудың негiзi» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесiншi отырысы болып өттi. Отырысқа елiмiздiң барлық өңiрлерiнен этно-мәдени ұйымдардың өкiлдерi қатысты, депутаттар, дипломаттар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкiлдерi қатысты. 2017 жылдың 28 сәуiрiнде Орталық қалалық кiтапхана қызметкерлерiнiң ұйымдастыруымен, «Достар» мәдениет сарайы жанындағы кiтапханада Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Қазақстан халықтарының бiрлiгi күнiне арналған «Ынтымақ — ырысқа бастайды» атты достық мерекесi өттi. Iс-шараның мақсаты: Қазақстанда тұратын әр ұлттың мәдениетiмен, құндылығымен жақынырақ танысу, ұлттық мәдениетiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтау, дәрiптеуге үлес қосу. Көкшетау қаласының Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi көп жылдан берi қаламыздың этно-мәдени орталықтарымен тығыз жұмыс iстеп келедi, бұл iс-шара соның дәлелi iспеттi. Әр мәдениет орталықтарының өкiлдерi өздерiнiң дайындаған номерлерiн көрсетiп, салт-дәстүрлерiмен таныстырып, жиналған қауымға өздерiнiң мәдениетiнен шашу шашып, достық мерекесiнiң жоғары деңгейде өтуiне себепшi болды. Iс-шарада кiтап көрмесi таныстырылды. Қолданбалы өнер шеберi Байковская Альбина Кирилловнаның қолөнер бұйымдарының қорынан әр ұлттың мәдениетiне арналған бұйымдары қойылып, көпшiлiк назарына ұсынылды. Iс-шараға қатысқан әр көрерменнiң бойында достық, сыйластық деген қасиеттер ерекше әсер қалдырды деген сенiмдемiз. Рухани орда қабырғасында өтетiн осы сынды iс-шаралар ұлттар арасында тығыз қарым-қатынас жасай отыра достықты нығайтады.

Мақаланың шыққан күні: 28.04.2017

Қаралым саны: 53967

Біз әлеуметтік желідеміз