«ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК ӨНІМДІ»
Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасы Еңбек елдің мұраты жобасы аясында «Еленген еңбек өнімді» атты кездесу өтті. Ісшарада Көкшетау
қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының су жылыту қазандықтарының аға машинисті Самат Мулкибайұлы Хамитов және Көкшетау қаласы жоғары медициналық колледжінің электромонтері
Шаймерденов Ғалымтай Калымтайұлы өз еңбек жолдарын айтып берді. №14 ЖБМ оқушылары қатысты. Алпысбай Айша, Жасұлан Әдемі ұлы
ақындардың еңбек туралы жазған өлеңдерін оқыды. «Туған жер» атты Азбергенова Анель, Куаныш Айша, Муканмедиярова Жасмин, Қалитай
Жаным, Муканмедиярова Жасмин, Лефлер Виктория музыкалық әндерден шашу шашты. Сонымен қатар, келген қонақтарға колледж студенттері
өздернің сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Іс-шара соңында кітапхана ұжымы қонақтарға алғысын білдірді.
Мақаланың шыққан күні: 09.04.2025
Қаралым саны: 40