8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ЕҢБЕКПЕН ЕЛГЕ ТАНЫЛҒАН»

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасы Көкше өңірінен шыққан қайталанбас тұлғалардың қайраткерлік өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Туған өлке» атты жобасын қолға алған болатын.

Бүгін осы жоба аясында ұлттық тарихымыздың деректерін зерттеп, құрастырушы, этнолог, шежіреші, өлке-фольклортанушы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлымен «Еңбекпен елге танылған» атты сұхбат алаңы болып өтті.                          

Кездесу кешіне Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Хасенов Сәрсенбай, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары және осы колледждің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Халық мұраларын зерттеуші, профессор Мұсатай Ғалым өлке тарихын, этнография, фольклор, шежіре мәселелерімен жастарға патриоттық тәрбие беру жолында өзіндік еңбегін жасап жүрген азаматтардың бірі, бірегейі. Кешіміздің алғы сөзі авторға беріліп, ол өзінің құнды еңбектерінің шығу тарихын, түпкі мақсатын жұртшылыққа айтып берді. Авторға көптеген сұрақтар қойылып, ғибраты мол, рухани сұхбат болды.

Шара барысында «Туған өлке – тұнған шежіре» атты кітап көрмесі қойылып, шолу жүргізілді. Кеш соңында Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Хасенов Сәрсенбай ән шырқап ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2024

Қаралым саны: 454

Біз әлеуметтік желідеміз