8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Абылай хан-тарихи тұлға» көрме экспозиция

Достар МС жаныңдағы кiтапханада халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi — Абылай ханның 310 жылдығына орай «Абылай хан –тарихи тұлға» атты көрме экспозиция ұйымдастырылды

Экспозициялық зал екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм «Абылай хан және оның тарихи дәуiрi» атты бөлiмде кiтапхана қорындағы қазақ тарихынан сыр шертетiн тарихи кiтаптар, құнды жазбалар қойылса, «Алты алаштың ардағы» атты екiншi бөлiмде Абылай хан жайлы жазылған көркем шығармалар және қылқалам шеберлерiнiң туындылары қойылды.

Iс шараға қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысының мiндетiн атқарушы Төлеген Әсия Сағайқызы, «Көкшетау» газетiнiң тiлшiсi «Абылай ханның қара жолы» экпедиция құрамының мүшесi Гәкку Асылбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнiң оқытушысы, тарихшы Өтегенов Ғалымтай Мәлiкұлы, өңiрiмiздiң белгiлi суретшi, мүсiншiсi, Абылай хан портретiнiң авторы Манарбек Бұрмағанов, Ақмола облысы тарихи өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкерi Жасұлан Кәрiмұлы, Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң директоры Абишева Айгүл Амангелдiқызы, кiтапхана оқырмандары қатысып

тарихи тұлға жайында ойларымен бөлiстi. Ақан серi атыңдағы мәдени колледжнiң студенттерi қобызбен күй орындады.

 

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2021

Қаралым саны: 14886

Біз әлеуметтік желідеміз