8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Елбасы жолдауы ел назарында»

3 ақпан Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бастамасымен Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi мен «Достар» МС-ның ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауын таныстыру және талқылау,жолдау бойынша пiкiр алмасумақсатында «Елбасы жолдауы ел назарында» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.Дөңгелек үстелге Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң «Экономика және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Қажапова Гулдана Нартайқызы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң «Есеп және басқару» кафедрасының меңгерушiсi, экономика ғылымдарының кандидаты Байымбетов Мейрамхан Кәрiбайұлы, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы А.Б.Сәбитова, Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң директоры Әбiшева Айгул Амангелдiқызы,«Достар» МС-ның директоры Малько Т.В., мәдениет сарайының,кiтапхана жүйесiнiң қызметкерлерi қатысты. Iс-шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет дамуының негiзгi бағыттары мен мiндеттерiн анықтайтын Қазақстан халқына Жолдауы әрбiр адамның, әсiресе болашақ жастардың өмiрiне әсер етуiмен ерекшеленетiн стратегиялық маңызды құжат екендiгi, сондай-ақ Елбасымыз ұсынған «Мәңгiлiк ел» идеясы — бұл қазақ халқының өшпейтiндiгiнiң кепiлi екендiгi жайлы, халқының сенiмi мен қолдауына ие болған Ұлт көшбасшысы, елi сүйген, елiн сүйген Елбасының ерен iстер шежiресiнен үлгi алу, бүгiнгi таңда жастарға көрсетiлiп отырған қолдауы жайлы талқыланады.

          

Мақаланың шыққан күні: 03.02.2017

Қаралым саны: 51215

Біз әлеуметтік желідеміз