8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Еңбегiмен ардақты»

27 қыркүйек күнi Зағип және нашар көретiн азаматтардың қалалық арнаулы кiтапханасында Еңбек күнiне орай кiтапхана оқырманы, Қазақ зағиптар қоғамының Оқу- өндiрiстiк кәсiпорынның қызметкерi, осы мекемеде 25 жылдан астам еңбек етiп келе жатқан Бекзат Жоламанованың қатысуымен «Еңбегiмен ардақты» атты кездесу өткiзiлдi. Iс шараға Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Танирбергенова М.В.; Оқу-өндiрiстiк кәсiпорын директоры Кравченко К.Я., әрiптестерi, туған туысқандары, Көпсалалы колледжiнiң III курс студенттерi, кiтапхана оқырмандары қатысты. Бекзат Беғалиқызы өзi туралы, еңбек жолын айттып, жастарға ақыл-кеңес бердi. Жастар сұрақтар қойды. Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етiлдi. "Гармония" көркем-эстетикалық клубының мүшелерi — Светлана Оладько, Дарья Мантыцкая, Ульяна Королькова ән шәшулерiн ұсынды.

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2021

Қаралым саны: 14560

Біз әлеуметтік желідеміз