8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Еңбек – өмір мәні»

Орталық қалалық үлгілі кітапханасында «Еңбек – өмір мәні» атты Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Көкшетау қаласының «Құрметті азаматы», театр актрисасы Жібек Есекеқызы Бағысовамен кездесу өтті.Шараға ҚАКЖ КММ директоры Жетпісқалиев Серік Сапарұлы, №18 мектептің 10 сынып оқушылары, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Әйгілі адамдармен кездесу туған қаланың тарихын білуге мүмкіндік береді. Жібек Есекеқызы өзі туралы, қазақ театрының ұжымындағы жұмысы туралы айтып берді.Біржан сал атындағы колледж студенттері: Әбдірахман Нұрдәулет, Манас Иманғазы, Сағидолла Құралай, Қасенжан Зарема, Әубәкірова Мәдина кешті музыкалық нөмірлерімен безендіріп, домбыра, қылқобыз және жетігенде әуендер орындады. Жібек Есекейқызы кітапханаға өз кітабын сыйға берді.

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2022

Қаралым саны: 9156

Біз әлеуметтік желідеміз