8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Еңселі елдің – тұлғасы

15 қыркүйек күні Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында «Еңселі елдің – тұлғасы» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Қазақстан халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жастардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Аталған шара жұмысы барысында Ш.Уалиханов атыңдағы Көкшетау университетінің, «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы, доцент Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Баяділов Байқал Қайроллаұлы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік Сапарұлы, «Тілдер оқыту орталығының» басшысы Есмурзина Гүлдана Әлмұханқызы, «Арқа ажары» газетінің тілшісі Үлмекен Тыныштыққызы Шаменова, «Әдебиет және өнер» музейінің этнографы Искакова Гүлзайра Фазылбекқызы, №22 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арай Сайранқызы Аргунбаева, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, қазақстан халқы тілдері күні тақырыптарында кеңінен тоқталды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілі табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.Шараға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары және №22 орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты.

Шара сонында «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмеге Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Тілтанымдық мұрасы», «Тіл –құралы», «Естеліктегі алаш» атты кітаптары мен әдебиеттерге шолу жасалды.

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2022

Қаралым саны: 11453

Біз әлеуметтік желідеміз