8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Етікшілік – ескірмейтін кәсіп

Президентіміз 2025 жылды "Жұмысшы мамандығы жылы" деп жариялады. Елдің алдына көп шыға бермейтін, бірақ адал кәсібі мен жұмысы арқылы жүгінген адамдардың көңілінен шығатын мамандық иелерін таныстырамыз. Бүгін біз сіздерді ерекше мамандық иесімен таныстырғымыз келеді. Ол – етікші. Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарына қоғамда үлкен көңіл бөлініп отыр, ал біздің кейіпкеріміз – осы саланың нағыз шебері. Ағамыздың еңбек жолы мен кәсібінің маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Ерінбеген етікші болады» деп халқымыз бекер айтпаған. Етікшілік – еріккеннің ермегі емес. Ол – аса шыдамдылықты, ыждағаттылықты талап ететін, екінің бірінің қолы бара бермейтін кәсіп түрі.
Етікші мамандығы – көне кәсіптің бірі, оның тамыры жоғарғы палеолит дәуірінен бастау алады. Қазір етікшілердің қызметіне көп жүгінбесек те, өткен ғасырларда бұл мамандыққа деген сұраныс өте жоғары болған. Десек те, ел арасында көне кәсіптің осы түрі мүлдем жоғалып кетті деп айта алмаймыз. Керісінше, оны табыс көзіне айналдырып, ұсынып отырған кәсіп иелері жетерлік. Солардың бірі – Қуандық Нұрдәулет Ерболатұлы
1 Аға, сұхбатқа келіскеніңізге рақмет. Алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз. 2 Етікшілікке қалай келдіңіз? Алғашқы жөндеген аяқ киіміңіз есіңізде ме? 
3 Етікші мамандығының ең қызықты және ең қиын тұстары қандай?
4 Бүгінгі таңда сұраныс қандай? Көбіне кімдер қызметіңізге жүгінеді?
5 Жастардың арасында бұл мамандыққа қызығушылық бар ма? Оларға бұл
мамандықты игеру үшін қандай кеңес берер едіңіз?
6 Президентіміздің 2025 жылды "Жұмысшы мамандығы жылы" деп жариялауына
көзқарасыңыз қандай? Сіздің ойыңызша, жұмысшы мамандықтарын қолдаудың ең тиімді
жолдары қандай?
Уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңіз үшін рақмет! Сіз кәсібіңіз бен еңбегіңіз арқылы көптеген адамдарға шабыт бердіңіз. Жұмысыңыз табысты болсын! Инемен құдық қазғандай, бейнеті көп кәсіптің жалынан ұстап, атадан келе жатқан өнерге адалдық танытып жүрген Қуандық Нұрдәулет Ерболатұлына біз де риза болдық. Етікші мамандығының өрісін кеңейтер осындай кәсіпкерлеріміз көп болғай!

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2025

Қаралым саны: 346

Біз әлеуметтік желідеміз