8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

« Шуағын төккен жандар» өнер фестивалі

Орталық қалалық үлгiлi балалар және жасөспiрiмдер кiтапханасында, қамқорсыз қалған және мүмкiндiктерi шектеулi балаларды кiтап оқуды, бос уақыттарын қызықты өткiзуге, ақпараттық қызмет көрсету, жүрекке жылулық, мейiрiмдiлiк шапағатын беру мақсатында «Қуаныш сыйлау бiр бақыт» атты жобаның «Шуағын төккен жандар» өнер фестивалi болып өттi. Жобаның жетекшiсi Самал Махсотова жобаның жұмысымен және жұмыс атқаратын орталықтармен таныстырып өттi. Атап айтсақ; ҚР-ның «Қайырымдылық және денсаулық сақтау» қауымдастығы, төрайымы Ольга Куликова, «Көкшетау қаласы,психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық әлеуметтiк мекемесi», директоры Алтын Мустафинова , қоғамдық бiрлестiгiнiң отбасылық тәрбие орталығы « Өмiр», директоры Юлия…… « Қөкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламал бөлiмi»ММ « Аялау» орталығы, директоры Татьяна…. Әр мекемеден келген қоғам қызметкерлер келген қонақтарға өздерiнiң жұмыс барысымен таныстырды, оған қоса өздерiнiң өнерлi балалары бар екендiгiн көрсетiп ән-шашуларымен, қолөнер көрмесiмен тәнттi еттi. Сахнаға шығардың алдында олар қатты толқыды. Бұл шара — өз өнерлерiн ортаға салған балалар үшiн де, оларды мақтан еткен ата-аналар үшiн де үлкен мереке болды. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының бюро мүшесi, қалалық Ассамблеясының аналар кеңесiнiң төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы жобаға жан-жақты көмегiн берiп, қолдауда. Балалар азда болса көңiлдерi көтерiлiп, ризашылықтарын көздерiнiң нұрынан көруге болатынын байқадық. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы әр орталықтын басшыларын алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар Айгүл Баубекқызының көкейiнен ақ тiлектегiн тiлеп, әрi қарай қажымай еңбек етумiздi айта кеттi.

    

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017

Қаралым саны: 45329

Біз әлеуметтік желідеміз