«ҒАБДУЛЛИН МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»
Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына Красный яр қалалық үлгілі кітапханасы «Ғабдуллин мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. № 3 Красный яр көпсалалы мектеп - гимназиясының «Жас ұлан» әскери патриоттық клуб мүшелеріне көрме ұсынылып, таныстырылды. Көрме барысында келген қонақтарға М.Ғабдуллиннің шығармалары, басқа да жазушылардың кітаптарымен таныстырылды. Мәлік Ғабддуллин музейі кітапхана қорына М.Ғабдуллиннің «Қазақ баласы», «Мен халықтың ұлымын. М.Ғабдуллиннің эпистолярлық әлемі», М.Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» кітабы негізінде жазылған «Ұрпақ тәрбиесінен ұлттық болмысқа» атты кітаптарын сыйға тартты.
Мақаланың шыққан күні: 31.01.2025
Қаралым саны: 103