Қай мемлекеттiң болмасын, iлгерiлеуiн iркiлтетiн iшкi iндет бар. Ол — жемқорлық. Жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Оның ұлттық қаупсiздiкке қатер төнiретiнiн Елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемi ескертiп келедi. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» дамыту стратегиясында жетi маңызды бағыттың бiрi сыбайлас жемқорлықпен күресу және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын бекiткен болатын.
Бүгiнгi таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсiз көрiнiстердiң бiрi екенi еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрiмен қоғам болып күресу мақсатында көп iс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесi де осы бағыттағы заңнамаларды жетiлдiрiп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Осы мәселе бойынша жыл сайын Көкшетау қаласының Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi елiмiздiң болашағы жастарға бұндай қылмыс жолына түспеу, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу, сақтану мәселелерiн насихаттау жұмыстарын жүргiзiп келедi. Осы мақсатта 14 ақпан Застанциондық қалалық кiтапхананың ұйымдастыруымен«Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындаКазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша депортаментiнiң жемқорлыққа қарсы күресмаманымен кездесу өттi. Iс-шараға №14 ОМ 8, 9, 10-сынып оқушылары, кiтапхана оқырмандары, БАҚ өкiлдерi қатысты. Iс-шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агентiгiнiң Ақмола облысының бойынша депортаментiнiң жемқорлыққа қарсы алдын алу басқармасының басшысының мемлекеттiк атқарушысы Ахметкалиев Малик Сабыргалиевич сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ҚР заңының мақтас мiндеттерi, құқық бұзушылықтарды жасаудың себептерi мен жағдайларын жоюға жәрдемдесетiн iс-шаралардың маңыздылығының мақсат- мiндеттерiн,құқық бұзушылықтарды жасаудың себептерi мен жағдайларын жоюға жәрдемдесетiн iс-шаралардың маңыздығылығы жайлы мәлiмет берiп, оқушылардың қойған сауалдарына жауап бердi. Аталмыш мәселе бойынша болған әр түрлi жағдайлар туралы айтып, бұндай келеңсiз iстерден сақ болуларын ескерттi. Қатысушыларға тақырып бойынша шағын буклеттер таратылды. «Жемқорлық — iндет, жою — мiндет» тақырыбында кiтап көрмесi ұйымдастырылып, шолу жасалды және бейнесюжеттер көрсетiлдi.
Қазақта "Ауруын жасырған өледi" дейтiн мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздiксiз, ашық әрi әдiлеттi түрде жүргiзiлуi тиiс. Бiз сонда ғана алға қойған биiк мақсаттарға қол жеткiзе аламыз.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп бiлемiз.
Мақаланың шыққан күні: 14.02.2017
Қаралым саны: 48195
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru