8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Хабарландыру

Отбасы – адам баласының дүние есігін айқара ашып енетін үйі, тәрбиеленіп ержететін өте қажетті әрі басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын ең алғашқы ұжымы. Қандай заман, қай ел болса да, отбасының ұрпаққа ықпал әсерін еш нәрсенің күшімен шеңдестіру мүмкін емес. Әсіресе, отбасының тәрбиелеушілік міндетін қоғамдық тәрбиенің ең тиімді жүйесі де алмастыра алмайды.

Отбасы күні қарсаңында Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында ұйымдастырылған «Отбасы – бақыт ұясы» атты кешке Красный яр ауылының тұрғындары, көпбалалы жанұя, Аубакировтар өнерлі отбасы қонақ болды.

Аубакировтар отбасы 2023 жылғы «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық жеңімпаздары, «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының үздік жетілігіне кіріп, облыс әкімінің марапатына ие болған. Облыстық «Өнерлі шаңырақ» байқауының лауреаттары. 2019 жылы отбасылық ансамбль құрған.

Сондай-ақ, аталмыш кешке Красный яр аулының әкімінің орынбасары Есімбек Арман Саматұлы қатысып, Отбасы күнімен құттықтады. Журналист ұстаз — педагог Мухамедрахимова Бақыт Төлегенқызы жыр жолдарынан шашу шашып, жақында жарық көрген әнін тарту етті. «Илігай» әжелер тобы да ән шырқап, кештің сәнін келтірді. Кітапхана жанынан құрылған отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Мерей» клубы, оқырмандар жылы лебіздерін білдірді. Аубакировтар отбасы өнерлерін ортаға сап, салихалы сұхбат құрды.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2025

Қаралым саны: 373

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru