8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Хабарландыру

Жас ұрпақты туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Тіл – ең асыл құндылық» тақырыбында Көкше еліне танымал, ел ағасы, мәдениет және тіл жанашыры Қаратай Байкенұлы Төлекеевпен кездесу сұхбат ұйымдастырды.

Ортақ пікірлер тоғысқан кездесуде қонақтар ұрпақ тәрбиесі, тіл тағдыры, руханият, ұлттық құндылықтар, Отанды сүю секілді салмағы басым тақырыптар тарқатылды. Мән — мазмұны терең жүздесуде.

Қаратай Байкенұлы туған тілдің тұғыры туралы салиқалы ойымен бөлісіп, жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге шақырды. Қалың оқырман қауымға арнап жазған «Өмір сыры», бастауыш сынып оқушыларына арнаған «Кәрім мерген» кітаптарымен таныстырып, кітап пен тіл – рухани байлықтың қос қанаты екендігіне тоқталды. Жалынды жырларын оқып, туған жерге деген сүйіспеншілігінен туындаған суреттер көрмесімен таныстырды. № 4 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары тіл жанашырының «Табиғаттың төсіне тілім қашалған» өлеңін, Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Дихан — Баба Әбілевтің «Тіл туралы» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Қаратай Байкенұлының ізбасары, шәкірті Көкшетау қаласының тілдерді оқыту орталығының басшысы Гүлдана Әлмұханқызы Есмурзина сөз алып, орталықтың кең ауқымды жұмысына, өрісті істеріне тоқталды. Шара соңында ұрпаққа тәлімі мол әңгімелер айтып, саналарына ізгілік нұрын сепкен кездесу иесі оқушыларға «Түлектерім тірегім» өлеңін арнап, мектеп кітапханасына «Балаларға базарлық» кітабын сыйға тартты.

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2025

Қаралым саны: 36

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru